Бұрыңғы Өзгертілгені


Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау



бет4/11
Дата14.10.2023
өлшемі203,93 Kb.
#114114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тест бастауыш — Жауаптарсыз

1.6. Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау
Бақылатын элемент коды 1.6.1
Сөйлемнің айтылу, жазылу мақсатына қарай түрлері, дауыс ырғағы, тұрлаулы,
тұрлаусыз сөйлем мүшелер, жай, құрмалас (салалас, сабақтас, аралас) сөйлемдер.

1 тапсырма. Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем


А) хабарлы, сұраулы
В) лепті, бұйрықты
С) лепті

С) лепті
Дұрыс жауап
2 тапсырма. Қате мәлімдемені көрсетіңіз.
А) сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
В) сұраулы сөйлемдердің соңында нүкте, қос нүкте, леп белгісі қойылады.
С) хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Дұрыс жауап

В) Сұраулы сөйлемдердің соңында нүкте, қос нүкте, леп белгісі қойылады.

3 тапсырма. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы
А) бірнеше сөйлем мүшелері бар
В) грамматикалық негізі жоқ
С) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Дұрыс жауап

С) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

4 тапсырма . Күрделі сөйлем мүшелерінің байланысу құралдарына қарай барлық құрмалас сөйлемдер бөлінеді:


А) жалғаулықты, жалғаулықсыз
В) салалас, сабақтас
С) салалас, сабақтас, аралас
Дұрыс жауап

С) салалас, сабақтас, аралас
5-тапсырма.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз
Далада біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
В) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
С) Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Дұрыс жауап

С) Кезектес салалас құрмалас сөйлем

1.6. Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау
Бақылатын элемент коды 1.6.2
Грамматикалық негіз, жалаң, жайылма сөйлемдер түрі, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.

1 тапсырма. Сөйлемнің баяндауышын белгілеңіз. Таң бозарып атып келеді.


А) таң бозарып
В) таң
С) атып келеді
Дұрыс жауап



С) атып келеді

2 тапсырма. Жалаң сөйлемді табыңыз.


А) Ызғарлы жел өршелене түсті.
В) Жел өршелене түсті.
С) Теңіздің толқыны кешке таман күшейді.
Дұрыс жауап



В) Жел өршелене түсті.

3 тапсырма. Жайылма сөйлемді белгілеңіз.


А) Толқын күшейді.
В) Жас балалар оқуға тегіс тартылды.
С) Күн шықты.
Дұрыс жауап

В) Жас балалар оқуға тегіс тартылды.

4 тапсырма. Қате мәлімдемені көрсетіңіз.


А) Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.
В) Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем құрай алады.
С) Толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Дұрыс жауап

С) Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем құрай алады.

5 тапсырма. Лепті сөйлемді табыңыз.


А) Қазір қай жерде тұрасыз
В) Мұғалім Жәнібектің үйіне келді
С) Бурабайдың табиғаты қандай әсем
Дұрыс жауап



С) Бурабайдың табиғаты қандай әсем!

1.6. Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау


Бақылатын элемент коды 1.6.3.
Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау, толымды, толымсыз сөйлемдер, сөйлем мүшелері, бастауыш, баяндауыш, сөйлем түрлері.
1 тапсырма. Толымды сөйлемді анықтаңыз. А) Ардақ ешуақытта мұндай қуанған емес.
В) Күнбатысқа қарады, ауылға көз салды.
С) Жоғары қарады.
Дұрыс жауап

А) Ардақ ешуақытта мұндай қуанған емес.

2 тапсырма. Құрмалас сөйлем
А) Әйгерім үй тапсырмасын орындады.
В) Асқар әжесіне хат жазды.
С) Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
Дұрыс жауап

С) Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

3 тапсырма. Синтаксистік талдау кезінде сөйлемнің қай мүшелерінің астын сызу керек?
А) тұрлаулы
В) тұрлаусыз
С) тұрлаулы және тұрлаусыз

С) тұрлаулы және тұрлаусыз

Дұрыс жауап
4 тапсырма. Толымсыз сөйлемді белгілеңіз.
А) Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық.
В) Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде бұзау бағуға шықтық.
С) Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық.
Дұрыс жауап

В) Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде бұзау бағуға шықтық.

5 тапсырма. Төмендегі мысалдағы сөздерді сөйлем мүшелерімен және сөз таптарымен сәйкестендіріңіз. Жас балалар оқуға тегіс тартылды.

Сөздер

сөз таптары, сөйлем мүшелері

Жас

етістік, баяндауыш

балалар

зат есім, бастауыш

оқуға

сын есім, пысықтауыш

тегіс

сын есім, анықтауыш

тартылды

зат есім, толықтауыш

Дұрыс жауап

Жас – сын есім, сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі анықтауыш, балалар - зат есім, сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш , оқуға – зат есім, сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі толықтауыш тегіс – сын есім, сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш, тартылды- етістік, сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш. Тапсырманы бағалау критерийлері. Егер бәрі дұрыс болса – 3 балл, 1-2 қате - 1 балл, дұрыс болмаса – 0 балл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет