БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Нуркина Сауле Тоғайбайқызы
Нурина Алмагүл Кабдулгалиқызы
Аманжолқызы Айдана
Бейсенбаева Гулмира Қантарбаевна
Қостанай қаласы № 19 ОМ
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Аннотация Бұл мақаланың өзектілігі. Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуы. Мақсаты. Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен
380
қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі»-деп айтып кетті. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы. Мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің алғы шартының бірі. Әдістемелік жұмыс – ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі істің бірі. Түйін сөздер: педогогикалық технологиялар, реформа, Болон Декларациясы, бакалавриат-магистратура. PhD докторы курс, бағдарлама, жүктеме. Аннотация