БүркІт Баймұханов 1972 жылдан бастап бұрынғы Кенестер Одағы Педагогикалық ғадым-
дар академиясы окытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазак фи-
лиалының аға ғылыми кызметкері, ал 1973 жылдан математиканы ж эне физиканы окыту
лабораториясының меңгерушісі болды. Орта мектепте математиканы окыту проблемалары-
мен айналысып, осы бағытта көптеген кұнды еңбектер жазды. Еңбектері М әскеу қаласын-
дағы, республикамыздағы баспаларда және мерзімді баспасөз беттерінде жарык көрді. Орта
мектепте оқыту мазмұнының озгеруіне және соған сәйкес жаңа оқулықтарды енгізуге бай
ланысты мұғалімдердін біліктілігін арттыру барысында еліміздің көптеген мектептерінде
болып, мұғалімдер кызметінде өзіндік колғабысын тигізді.
Б.Б.Баймүханов 1992 жылы өзінің ұзақ жылдык зерттеу еңбектерін жинактай келіп,
республикамызда бірінші болып математиканы оқыту әдістемесі саласы бойынша доктор-
лык диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы, профессор атағына ие бол
ды.
Профессор Б.Б.Баймүханов бағдарламалар мен оқулыктарды жетілдіруге, мұғалімдерге
арналған әдістемелік құралдар жасауға ерекше көңіл белді, оның ішінде "Математиканы
окыту әдістемесі", "Орта мектептегі жиындар теориясынын элементтері", "Математикадан
есептер шығаруға үйрету”, "Алгебра-7" жэне т.б. сиякты әдістемелік ж эне оқу күралдарын
атап өтуге болады.
Бүркіт Баймұханұлы жүбайы Тамара Васильевна екеуі екі ұл тәрбиелеп, олардан үш
немере сүйіп отыр. Үлкен үлы Марат әке жолын куыгі, математиканы оқыту әдістемесінен
кандидаттық диссертация корғады және сол бағытта жүмысын жалғастыруда. Ал екінші
үлы Олжас - заң қызметкері.
Профессор Б.Б.Баймүқановтың шәкірттері республикамыздың түкпір - түкпірінде еңбек
етуде. Бойындағы бар ақыл-парасатын үстаздық етумен математиканы оқыту әдістемесі
саласына арнап, қажымай-талмай еңбек етіп келе жатқан әдіскер-ғалым Бүркіт ағаны 80
жастың сеңгіріне шыққан мерейтойымен күттықтап, үзақ емір, зор денсаулық, отбасына
бакыт, ғылыми- педагогикалық кызметіне үлкен табыс тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: