КЛОД ЛЕВИ-СТРОСС
КІРІСПЕ:
Мәдениетті зерттеу саласындағы
структуралистік (құрылымдық)
бағыттың негізін салушы. 1908
жылы туған, Сорбонна
университетінде білім алған. Жас
шағында Руссо, Маркс
ілімдерімен, социализм
идеяларымен, Кант, Гегель
философиясымен қатты
әуестенген.
ЕҢБЕКТЕРІ:
Француз социалистік партиясының
мүшесі болған. 1935-1938 жылдары
Бразилияда тұрған, Сан-Паулу
университетінің профессоры болған,
Оңтүстік Америка үндістерінің өмірін
зерттеп, этнографиялық,
антропологиялық, ізденістер жолына
түскен. Сол зерттеулерінің нәтижесінде
“Туыстықтың қарапайым құрылымы” (1947
ж.), “Тропиктік аймақтың қасіретті
тірлігі”(1953 ж.) атты танымдық маңызы
зор этнографиялық еңбектер жазған.
СОНЫМЕН ҚАТАР:
1945-1947 жылдары АҚШ-тағы
француз елшілігінің мәдениет
мәселелері жөніндегі кеңесшісі,
1948-1958 жылдары Ғылыми
зерттеулердің Француз Ұлттық
орталығы жетекшілерінің бірі,
Адам музейі директорының
орынбасары, Жоғары зерттеулер
Мектебінің жабайы халықтар діні
кафедрасының меңгерушісі,
ЮНЕСКО-ның әлеуметтік
ғылымдар жөніндегі Халықаралық
кеңесінің бас хатшысы міндетін
атқарушы болып істеген.
1960-1984 жылдары Колледжде Франс деп аталатын әйгілі оқу
орнының әлеуметтік антропология кафедрасының меңгерушісі, осы
колледж жанынан құрылған әлеуметтік антропология
Лабораториясының жетекшісі болған. 1973 жылдан бастап Француз
академиясының мүшесі, одан кейін Ұлыбритания королдігі
жанындағы антропология институтының мүшесі, бірнеше батыс
елдері Ұлттық академияларының мүшесі болып сайланған.
Басты еңбектері: “Нәсіл және тарих”
(1952 ж.), “Антропология
құрылымы-1” (1958 ж.), “Мифология”
(1961-1971 ж., 4 томдық), “Мифтердің
құрылымы” (1970 ж.), “Антропология
құрылымы-2” (1973 ж.).
БАСТЫ ЕҢБЕКТЕРІ:
ЮНЕСКО-ның тапсыруы бойынша жазылған “Нәсіл және
тарих” атты еңбегінде Леви-Стросс адамзат мәдениетінің
әралуандығы, олардың өзара байланыстылығы және
ықпалдастығы жөнінде айта келіп, “Әлемдік өркениет
дегеніміз әлемдік ауқымда алынған мәдениеттер бірлестігі,
басқа ештеңе де емес және олардың қай-қайсысы да тек
солардың өздеріне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін сақтауға
тырысады”, – деген тұжырымдама жасайды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Ғалым өз зерттеулерінде өзі
негіздеп берген құрылымдық
принципке сүйене отырып,
мәдениет құбылыстарын олардың
ішкі және сыртқы
байланыстарының бірлігі және
олардың көп деңгейлілігі
тұрғысынан алып қарастырады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |