БРР Өлкетану (Торғай табиғаты) қорытынды бақылау сұрақтары
1. Торғай атауы тарихта қай кезден бастап кездесе бастайды
XV-ғасырдан
2. Торғай өлкесінің жер, суын, табиғат байлығын К.Миллер зерттеген уақыт
1730-1740 жылдар
3. Торғай өлкесінің жер, суын, табиғат байлығын Г.Н.Фон-Генс зерттеген уақыт
1825-1844 жылдар
4. 1886-1887 жылдары Торғай өлкесінің табиғатын зерттеген саяхатшы
Е. В. Гатесон
5. 1730-1740 жылдары жер, суын, табиғат байлығын зерттеген ғалым
К.Миллер
6. 1910 жылы Торғай табиғатын зерттеген саяхатшы
Б.А. Сколов
7. «Қызғанбаңдар, ақындар, мақтауға оны хақым бар. Мен туған жер кішкене Торғай деген аты бар» -деп жырлаған торғайлық ақын
Сырбай Мәуленов
8. Торғай қақпасы солтүстігінде шектесетін географиялық аймақ
Батыс Сібір жазығы
9. Торғай қақпасының батысы шектеседі
Оңтүстік Оралмен
10. Торғай өңірінің жері орналасқан параллельдер
48 – 52 градус солтүстік ендіктер
11. Торғай өңірінің ауданы 78,9 мың шаршы шақырым, яғни Қазақстан территорисының .... қамтиды
4,1 пайызын
12. Торғай өңірінің жері батыстан-шығысқа қарай шығыс бойлықтың .... меридиандары аралығында орналасқан
61 және 68
13. Торғай өңірі Қостанай облысының .... бөлігінде орналасқан.
оңтүстік
14. Торғай өңірінің территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша шақырымға созыла орналасқан
350-400 км
15. Торғай өңірінің территориясы батыстан шығысқа қарай қанша шақырымға созыла орналасқан
380 км
16. Торғай жерінің абсолюттік биіктігі 200-300 метр аралығында өзгеріп отырады
200-300 метр
17. Торғай үстірті Тұран ойпатының шөлді даласынан солтүстігінде Солтүстік Сібір жазығына дейінгі аймақты қамтитын территорияның .... бөлігін алып жатыр
орталық және оңтүстік
18. Торғай өңірінің негізгі бөлігі кайнозой эрасының неоген дәуіріне дейін
мұхиттың астында жатқан
19.Солтүстік Мұзды мұхит суының тартыла басталуына байланысты, .... жылдар бұрын Тұран және Батыс Сібір жазықтары пайда болады.
12-15 млн
20. Торғай жерінің негізі Батыс Сібір және Тұран платформаларының
қиылысқан жерінде жатыр
21. Арқалық ауданының жерінде негізінен теңіздік шөгінділер таралған. Шөгінді жыныстардың қалыңдығы .... асады
1000 метрден
22. Торғай үстірті бойынша тігінен өтетін Торғай-Обаған жырасы негізінен .... құралған гипсқұрамды құммен және саздан
23. Үштік шөгінділер қуаты оңтүстікке қарай көбейіп Ұлы-Жыланшық өзені және Шұбар-Теңіз көлі ауданында .... жетеді
100 м-ге
24. Геологиялық тұрғыдан неғұрлым көне Орал сырты, Торғай үстірттерінде .... кездеседі
магмалық кендер
25. Торғай боксит кен басқармасы кәсіпорны бокситті .... жеткізеді
Ресейге
26. Арқалық қаласы аумағында алюминий өнеркәсібінің .... шикізаты кен орындары орналасқан
6 боксит
27. Торғай боксит кен басқармасы кәсіпорны отқа төзімді саз балшық шикізаттарын жеткізеді
Павлодар алюминий зауытына
28. Астана қаласында және ғимараттар мен құрылыстардың салынуы мен қайта жаңғыртылуына байланысты, .... кен орнына жедел геологиялық бағалау жүргізілді.
Ақжал
29. Торғай өңіріндегі пайдалы қазбалардың жер қойнауында түзілуіне осы аймақтың қалыптасу кезеңі немесе .... әсер етеді
геологиялық жасы
30. Арқалық кенді өңірдің 9 иірімінде бокситтік 37 және отқа төзімді саздың .... бар
15 қабаты
31.Табиғат зоналарының орналасуы ... байланысты
ендікке, жер бедеріне және жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуына
32.Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте ... зоналары ауысып отырады
орманды дала, дала, шөлейт және шөл
33.Әрбір табиғи зона өзіне тән .... ерекшеленеді.
климатымен, топырағымен, өсімдігімен және жануарлар дүниесімен
34.Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғи зоналардың алмасыуы, осы бағытта .... байлаланысты
климаттық континенттіліктің артуына
35.Торғай өңірінің территориясы негізгі бөлігін алып жатыр
Шөлейтті ландшафт
36.Торғай өңірінің оңтүстік жартысының түгел дерлік территориясын алып жатқан зона
шөлейт зонасы
37.Торғайдың солтүстік бөлігінде дала және шөлейтті аудандарда территорияның 40 пайызын алып жатқан топырақ түрі
каштанды топырақ
38.Торғай жерінің төмен жерлерде .... қалыптасқан
сортаң топырақ
39.Торғай жерінің орта және оңтүстік бөліктерін бозғылт қызғылт қоңыр топырақты, бетегелі-жусанды .... алып жатыр.
шөлейтті дала
40.Торғай өңірінің құм массивтері шоғырланған жерлеріндегі басым өсімдіктер
жусан, еркекшөп, жүзгін
41.Торғай өңірінің флоралық тұқымдастар саны:
64
42.Торғай өңірінде алабұта тұқымдастарының қанша түрі кездеседі
29
43.Торғай өңірің жағалық-су өсімдіктері: қамыс, қоға, түйнекқамыс
44.Торғай өңірінің әлсіз ылғалданған бөлігінде шөлді зонаға тән ... өсімдіктер өседі
жусан тектес
45.Торғай өңірінің негізінен ойыс жерлерде кездеседі және ауданның тек солтүстік бөлігінде ғана болады
Қайыңды тоғайлар
50.Торғай жеріндегі өсімдіктер дүниесін қанша аймаққа бөлуге болады
2
51.Торғай территориясында барлығы .... өсімдіктер түрлері кездеседі.
550-ге жуық
52.Торғай жерінде өсімдіктерді геоботаникалық тұрғыдан, мемлекеттік деңгейдегі зерттеулер жүргізілген жылдар
1929, 1930, 1932
53.Торғай жерінің далалы аймақтарында кездесетін шөптесін өсімдіктері
боз, бетеге, арпабас
54.Торғай жерінде өзен аңғарларындағы аллювийлі сор және сортаң топырақтарда ... өседі
соршөп, құрақ аралас қалың қамыс
55.Торғай өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
жанаргүл, шайшөп, итмұрын
56.Торғай жеріндегі қорғауға алынған өсімдіктер
қызғалдақ, тамырлы жуа, қызыл қайың
57.Жануарлар дүниесінің осы күнгі түрлері Торғай жерін неоген дәуірінде ... бұрын мекендей бастады.
1,6 млн жыл
58.Торғай көлемінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін кеңінен зерттеу .... жылдар арасында жүргізілді
1926-1940
59.Торғай өңірінде барлығы омыртқалы жануарлардың ... астам түрлері мекендейді
210-нан
60.Торғай өңірінде балықтардың қанша түрі мекендейді
10- жуық
61.Торғай жерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан құстардың ... кездеседі
32 түрі
62.Торғай жерінде көл жағалауындағы қамыстарды Америкадан әкеліп жерсіндірілген .... паналайды.
ондатра
63.Торғай өңіріндегі кемірушілердің ішіндегі ең ірісі (10 кг-ға дейін)
Суыр
64.Өте сақ, даланы мекендейді, ұясын да ашық далаға салатын құ
Дуадақ
65.Климат түзуші факторлар қатарын анықтаңыз
күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жер бедері
66.Торғай жері Атлант мұхитынан келетін ылғалды ауа массаларынан қандай табиғи барьерімен қорғалған
Орал таулары
67.Торғай жері Тынық мұхитының жылы ауа массаларынан қандай табиғи барьерімен қорғалған
Алтай таулары
68.Торғай жерінде ауа температурасының жылдық амплитудасы орта есеппен
75 градусС
69.Торғай өңірінде шілдеде температура 400С-қа дейін, ал қыста ... төмендейді.
40 - 46 градусС -қа дейін
70.Торғай өңіріндегі күн радиациясының мөлшері
100-110 Дж/м²
71.Торғай өңіріде жауын-шашынның негізгі бөлігі қай мезгілінде түседі
жаз
72.Торғай жерінде өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы күндер саны (вегатациялық кезеңнің ұзақтығы жылына
130-140 күн
73.Торғай өңіріде жыл ішіндегі бұлтсыз күндер саны
120-130 күн
74.Торғай өңірінде көбіне жаз мезгілдерінде бірнеше күнге созылатын ыстық, құрғақ әрі қапырық ауа-райын қалыптастыратын ауа массасы.
Тропиктік
75.Торғай өңірінде құрғақ әрі мөлдір ауа қалыптастыратын ауа массасы
Арктикалық 76.Торғай өңірінде желдің басты соғатын бағыты.
оңтүстік-батыс
77.Торғай өңірінде кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда ... қайталанған
3-4 рет
78.Торғай өңірінде ең жоғарғы шілделік температурада ... жетеді.
+42градус С
79.Торғай өңірінің шеткі солтүстік бөлігі үшін жауын-шашынның жылдық нормасы
300-350 мм
80.Торғай өңірінде өзендердің жиілігі 100 кв км-ге ... ағынды сәйкес келеді.
6-7 км
81.Торғай өңірінде ұзындығы 10 км асатын ағындылар саны
696
82.Торғай жеріндегі бастауларын Торғай үстіртінен өзендер
Өлкейек, Қабырға, Теке
84.Торғай өлкесінің қиыр оңтүстігінде Торғай өзені алабынан бастау алатып, Жақсы Ақкөлге құятын өзен өзені
Ұлы Жыланшық
85.Торғай қолаттарының орталық тұстарында шоғырланған көлдер
Күйік, Ақсуат, Сарымойын
86.Торғай өңірінің оңтүстігінде орналасқан көлдер
Жалтырсор, Барақсор, Тентексор
87.Солтүстік Торғай жазығында орналасқан көлдер
Шыбындысор, Айқамыс, Қарасор