Мысалкелтіреміз:кен орны бойынша объектіні пайдалануға
бергеннен соң, 2005 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызындағы
объектіні пайдалануға берудің № 6 актісі мен есептеріне сәйкес,
38000000 теңге сомада кен-дайындау жұмыстары шығыс етіледі.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8048 — 2940 = 38000000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) Берілген ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Бұл шаруашылық
операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді
берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4110 — 2910 Салыстыру актілері,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 4110) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-
активті» операция орын алады (бір жағынан жеткізіп берушілерге
кредиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға
берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздардың мөлшері
кемиді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.