224
дебеті бойынша бейнеленеді. Басқа кредиторлық қарыздар жабы-
латындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040, 1250, 3120
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350, 3380, 1040, 1250 Еңбекақы, сыйақылар мен
3220, 3390 1010, 3120 МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер,
төлем құжаттары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1010, 1040)
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті
«Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның
дебиторлық қарыздары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3120) орналасқан кезде баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорын кредиторлық қарыздарының
көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: