Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет84/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   243
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Өндірістік қорларға нелер жатады?
2. Материалдар қай шоттарда есептеледі?
3. Материалдарды сатып алу қай шоттарда бейнеленеді?
4.  Түгендеу  кезінде  анықталған  материалдардың  кем  шығуы 
қалай бейнеленеді?
43. Негізгі құралдардың есебі
Негізгі  құралдарға  үйлер,  ғимараттар,  машиналар,  жабдықтар, 
көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар, есейген мал және 
т.б., яғни қызмет мерзімі бір жылдан артық материалдық құралдар 
жатады.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі арнайы тізімде тіркеуге 
жататын  инвентарлы  карточкаларда  әрбір  инвентарь  объектісі 
бойынша жүргізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп 
инвентарь кітабында жүргізіледі.


83
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы, қалпына келтіру 
және қалдық құн бойынша бейнеленеді.
Бастапқы  құн  жеткізу  және  орнату  шығындары  мен  егер,  ол 
автокөлік болса, онда оның сатып алыну салығын қоса, объектінің 
құрылысы  немесе  сатып    алуының  нақты  шығындарынан  құра-
лады.
Қалпына  келтіру  құны  Үкіметтің  шешімі  бойынша  жасалатын 
олардың қайта бағалау кезіне негізгі құралдардың ұдайы өндіріске 
жұмсалған шығындарының сомасына тең болады.
Қалдық  құн  бастапқы  (қалпына  келтіру)  құнынан  тозудың 
құны  шегерілген  айырмаға  тең  болады.  Қалпына  келтіру  құнын 
есептеу үшін оның баланстық құны қайта есептеу коэффициентіне 
көбейтіледі. 
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі № 2410 «Негізгі құрал-
дар» шоттарында, ал олардың тозуы № 2420 «Негізгі құралдардың 
амортизациясы және құнсыздануы» шоттарында жүргізіледі.
 
Негізгі құралдардың келу есебінің сызбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет