Бухгалтерлік есеп


Материалдық емес активтердің есебі



Pdf көрінісі
бет88/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   243
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

44. Материалдық емес активтердің есебі 
Материалдық  емес  активтер,  бұл  —  интеллектуалды  меншік 
объектілерінің  шартты  құны,  сондай-ақ  жер,  су  мен  басқа  табиғи 
ресурстарды пайдалану құқықтары.
Олардың ерекшелігі, бұл активтердің өз маңызына сәйкес табиғи-
заттай  үлгісі  болмауы  мен  ұзақ  мерзім  бойы  пайдаланылуынан 
туындайды. 
Материалдық  емес  активтерге  төмендегілер  жатады:  ойлап 
табылған  және  өндірістік  үлгі  түрлеріне  құқықтар,  тауар  белгі-
лері,  «ноу-хауға»  құқықтар  (техникалық  тәжірибе,  өндірістің  құ-
пиялары),  авторлық  құқықтар,  табиғи  ресурстарды  пайдалану 
құқықтары,  тауарлы-шикізат  пен  қор  биржаларындағы  орындар, 
гудвилл (атақ, іскерлік байланыстары, серіктестіктер), кәсіпорынды 
құрумен  байланысты  ұйымдастыру  шығындары  (құрылтай  құ-
жаттары  мен  техникалық-экономикалық  негіздеулерді  жете  зерт-
теу,  мамандандырылған  ұйымдарға  кеңестер  үшін  төлемдер,  тір-
кеу  жинақтары,  жарнамалық  шығындар,  кадрлар  даярлау  үшін 
шығындар және т.б.). Материалдық емес активтердің соңғы түрінің 
ерекшелігі  кәсіпорынның  құрылтай  құжаттарында  бұл  шығыстар 
белгіленген сомада қатысушының салымы ретінде жазып қойылуы 
тиіс болғандығынан тұрады.  
Материалдық емес активтер оларды сатып алу мен пайдалануға 
дайын жағдайға келтіру үшін жұмсалатын барлық нақты шығындар 
сомасында бағаланады.
Ай сайын материалдық емес активтерге олардың бастапқы құны 
мен  тиімді  пайдалану  мерзіміне  негізделіп  есептелген  нормалар 
бойынша амортизация есептеледі. Егер ол белгігі болмаса, онда 10 
жылдық мерзімге негізделуі мүмкін.
Жарғылық қорға құрылтайшының салымы болатын материалдық 
емес  активтердің  құны  мен  тиімді  пайдалану  мерзімі  құрылтай 
құжаттарында жазылып қойылуы тиіс.
Материалдық емес активтердің амортизациясы амортизациялық 
қаржылар  ретінде  кәсіпорынның  өнімі,  жұмыстары  мен  қызмет-
терінің өзіндік құнына енгізіледі.
Материалдық  емес  активтер  №  2710  «Материалдық  емес  ак-
тивтер»  активті  шоттарында,  ал  олардың  амортизациясы  №  2720 
«Материалдық  емес  активтердің  құнсыздануы»  пассивті  шотта-
рында есепке алынады.


87
Материалдық емес активтердің келуі есебінің сызбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет