Мысал келтіреміз: кәсіпорынның жарғылық капиталына құ-
рылтайшылармен салым ретінде 2005 жылы қыркүйектің 18 жұл-
дызындағы құрылтай құжаттары, бағалау актісі мен жүкқұжатқа
сәйкес, 900000 теңге сомада көлік құралы енгізілді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 5020 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар қайтарымсыз
түрде алынды. Бұл жағдайда келудің көзі олардың сырттан заңды
және жеке тұлғалар тарапынан қайтарымсыз түрде берілуі болып
табылады. Ал, бірдеңені қайтарымсыз түрде алу шаруашылық
субъект үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады,
сондықтан оған салық салынады.
Дт Кт Құжаттар
2710—2730 6230, 6280 Жолдама құжаттары,
2411—2417 қабылдау-өткізу актісі,
жүкқұжаттар, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шоттар орналасқан. Бұл жағдайда 3 типті операция болады: яғни,
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болады
(материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың көлемімен
қатар, негізгі емес қызметтен түскен табыстың мөлшері көбейеді).
Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.