200
қараймыз.
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің кемуі (жабылуы)
Аталмыш жағдайларда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз
дебиторлық қарыздың қайда шығыс етілуіне (бағытталуына) назар
аударуымыз керек.
а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздарын
жабу. Бұл шаруашылық операциялар №1040 «Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» активті, №4410 «Алынған
ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040
4410 2110 Төлем тапсырмалары, салыстыру актісі,
жүкқұжаттар, келісім шарттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан кезде
1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша қаражаттары
көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға сатып алушылардың деби-
торлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 4410) жайғасқан кезде баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады
(бір жағынан алынған аванстар бойынша қарыздар кемиді, ал екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға сатып алушылардың дебиторлық
қарыздары жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: