233
болғандықтан, шаруашылық операция № 4110 шоттың дебетіне
№ 1010, 1040, 1210—1240, 1610, 3010—3020 шоттардың кредитінен
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
2110—2140
Келісімдер,
шот-фактуралар,
4110 2910 жүкқұжаттар,
төлем тапсырмалары,
1010, 1040 квитанциялар
3010—3020
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210,
1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін
4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан
кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге
кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: