а) Контрпассивті шоттар. 1) Кәсіпорын тапсырыс берушіге 1000000 теңгеге дайын өнім
өткізді;
2) Өткізілген өнімге 140000 теңге сомада ҚҚС есептелді;
3) Тапсырыс беруші алынған өнім үшін 1140000 теңге аударып
берді;
4) Өткізілген өнімнің өзіндік құны 800000 теңге сомада шығыс
етілді;
Келісім шарттармен қарастырылған кейбір себептерге байланысты
300000 теңге сомадағы тауардың бір бөлігі кәсіпорынның өзіне
қайтарылды. Осы себептен төмендегі операциялар қосымша пайда
болады:
5) Сатылған тауарлардың 300000 теңгеге қайтарылуы (сату
бағасы бойынша);
6) Есеп айырысу шотындағы ақшаның 342000 теңгеге кемуі;
7) Өткізілген өнімге есептелген ҚҚС-ның 42000 теңге мөлшерде
қайтарылуы;
8) Қоймадағы дайын өнім қалдығының 240000 теңгеге көбеюі.
Тауарлардың қайтарылуы мен оның нәтижесі бойынша ша-
руашылық операциялар жазамыз.