Бірінші бөлімде қамтылған материалды бес тапсырма түрінде
келтірілген мысалда қарастырамыз.
14. Шаруашылық құралдар мен олардың көздері туралы мәліметтер бойынша кіріспе балансты құрастыру Кәсіпорында 20___ ж. 1 қаңтарында құралдар мен олардың
көздерінің төмендегі түрлері бар:
негізгі құралдар бастапқы құны бойынша 1000000 теңге, олардың
тозуы 300000 теңгеге тең, материалдар 200000 теңге. Қоймада 280000
теңгенің дайын өнімі бар. Тауарлар 200000 теңге алушыға жіберілді
(өндірістің өзіндік құны бойынша). Кәсіпорынның кассасында 20000
теңге қолма-қол ақша, ал есеп айырысу шотында 800000 теңге ақша
бар. Кәсіпорын материалдарды ала отырып, әлі жеткізушімен есеп
айырысқан жоқ, оның қарызы — 340000 теңгеге тең.
Еңбекақы 400000 теңге көлемінде есептеліп, бірақ берілген
жоқ. Кәсіпорында алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы 580000
теңгеге тең. Банктің несиесі 200000 теңге көлемінде алынып, бірақ
қайтарылған жоқ. Аяқталмаған өндіріс байқау кезінде 120000 теңгеге
бағаланып отыр. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 800000 теңге
мөлшерінде қалыптасқан.
Осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның 20___ ж. 1 қаңтарына
кіріспе балансын құрастыруымыз қажет.