Бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. Ол қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері — ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы, сондай-ақ олардың құралу және пайдаланылу көздері
Бухгалтерлік есеп заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есеп-шоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік шоттар туралы айтып беріңіз
Бухгалтерлік есеп шоттары – ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің – әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) – дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) – кредит бойынша жазылады. Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді. Есеп нысанының көбеюін білдіретін операциялар шоттың бастапқы сальдо ескерілетін жағына, ал оның азаюы қарама-қарсы жағына жазылады. Актив бухгалтерлік есеп шоттарындағы дебет бойынша жазба көбеюді, ал пассив бухгалтерлік есеп шоттарында керісінше: кредит бойынша жазба – көбеюді, ал дебет бойынша жазба – азаюды білдіреді
Қаржылық есеп туралы айтып беріңіз
Қаржылық есеп берудің мақсаты 5. Қаржылық есеп беру субъектілердің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты береді. Қаржылық есеп беру ұйымның басқаруына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.
Басқарушылық есеп туралы айтып беріңіз
Басқарушылық есеп – бұл ұйымның мақсатына жету үшін қаржылық ақпаратты анықтау, өлшеу, талдау, түсіндіру және менеджерлерге жеткізу тәжірибесі. Бұл қаржылық есептіліктен ерекшеленеді, өйткені басқарушылық есептің мақсаты компанияның ішкі қолданушыларына іскери шешімдер қабылдауда көмектесу болып табылады.
Басқару есебі бухгалтерлік есептің шаруашылық жүргізу көрсеткіштері туралы ақпараттың сапасын жақсартуға бағытталған көптеген аспектілерін қамтиды. Басқарушы бухгалтерлер компания өндіретін тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны мен сатудан түскен кірісіне қатысты ақпаратты пайдаланады. Шығындар есебі – бұл өндірістің әр сатысының өзгермелі шығындарын, сондай-ақ тұрақты шығындарды бағалау арқылы компанияның өндіріске кеткен жалпы шығындарын алуға бағытталған, басқарушылық есептің үлкен жиынтығы. Бұл бизнеске қажетсіз шығындарды анықтауға және азайтуға, кірісті барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Салық есебі туралы айтып беріңіз