83
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы, қалпына келтіру
және қалдық құн бойынша бейнеленеді.
Бастапқы құн жеткізу және орнату шығындары мен егер, ол
автокөлік болса, онда оның сатып алыну салығын қоса, объектінің
құрылысы немесе сатып алуының нақты шығындарынан құра-
лады.
Қалпына келтіру құны Үкіметтің шешімі бойынша жасалатын
олардың қайта бағалау кезіне негізгі құралдардың ұдайы өндіріске
жұмсалған шығындарының сомасына тең болады.
Қалдық құн бастапқы (қалпына келтіру) құнынан тозудың
құны шегерілген айырмаға тең болады. Қалпына келтіру құнын
есептеу үшін оның баланстық құны қайта есептеу коэффициентіне
көбейтіледі.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі № 2410 «Негізгі құрал-
дар» шоттарында, ал олардың тозуы № 2420 «Негізгі құралдардың
амортизациясы және құнсыздануы» шоттарында жүргізіледі.
Негізгі құралдардың келу есебінің сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: