29. Кассалық кітап жүргізу Кассалық операциялар бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде
алдын ала қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық
кітапта жазылады.
Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтарға саны
басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары және кәсіпорынның мөрі
қойылуы тиіс.
Кассалық кітаптағы жазулар көшіргіш арқылы 2 данада жазы-
лады. Екінші данасы — жыртылмалы, оған тіркелетін құжаттарды
қоса, ол кассирдің есебі болып саналады. Есеп күнделікті қолма-қол
ақшаның келуі мен шығыс етілу барысы бойынша жазылады.