118
Кәсіпорын экспорттық тауарды жеткізіп беру мен сатып алушы-
дан валютаны алуды өз міндетіне алатын делдалмен келісім шарт
жасауы мүмкін. Келісім шартта делдалмен есеп айырысудың түр-
лерін келісіп алу қажет.
Коммерциялық несие деп, тауар үшін төлемақы мерзімін ұзартуды
айтады. Коммерциялық несиенің шарттарында тауарлардың
экспорты кезінде дағдылы түрде тауардың экспорттық құнының 5
тен 20 %-ға дейін сатып алушы тарапынан қолма-қол ақша төленеді,
ал қалған сома оған несиеге беріледі. Бұл операциялар есебінің
жалпы нобайдан айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Бартерлік келісімдер
кезіндегі экспорттық операциялардың есебі оқу құралының жеке
бөлімінде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: