121
VII бөлімше. КАПИТАЛ, ҚОРЛАР, НЕСИЕЛЕР
МЕН БЮДЖЕТТЕН ТЫС ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЕСЕБІ
61. Шығарылған капиталды қалыптастыру. Шығарылған
капиталға салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп
айырысудың есебі
Шығарылған капитал, бұл — ұйымдастырылатын кәсіпорындар-
дың мүлкіне қатысушылар (меншік иелері) жарналарының (са-
лымдарының) ақшалай түрде көрсетілген жалпы жиынтығы.
Бұл жарналардың мөлшері құрылтайшылардың
келісім шарты-
мен белгіленіп және жарғыда жазылуы тиіс. Ұжымның сатып
(өтеп) алатын кәсіпорынның ақшалай түрдегі жарғылық капиталы
келесі ретте есептеледі: қалдық құны (тозуды шегергенде)
бойын-
ша мүліктің, есеп айырысу және басқа шоттардағы ақшалардың,
кассадағы қолма-қол ақшаның
және кредиторлық қарызға
кемітілген дебиторлық қарыздардың мөлшерінде анықталады. Егер
кәсіпорын акционерлік қоғамға айналса, онда осы жолмен есептел-
ген жарғылық капиталдың мөлшеріне тек қана ұжымның мүшелері
арасында (жабық акционерлік қоғам болса) орналастырылатын не-
месе барлық қалаушыларға сатылатын (ашық акционерлік қоғам
болса) акциялар шығарылады.
Шығарылған капитал № 50 «Шығарылған капитал» бөлімшесінің
пассивті баланстық шоттарында есепке алынады.
Жаңа ұйымдастырылған кәсіпорынның
жарғылық капиталын
қалыптастыру кезінде қатысушылар салымдарының мөлшеріне мы-
надай проводка жазылады: № 50 «Шығарылған капитал» бөлімшесі
шоттарының кредиті мен № 5020 «Төленбеген капитал» шоты дебеті;
егер салым қолма-қол ақшамен жасалса, онда № 5020 шоттың кредиті
мен № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» шотының
дебеті; ал егер салым
жинақ банкі арқылы жасалса, онда № 5020
шоттың кредиті мен № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша
қаражаттары» шотының дебеті бойынша.
Шығарылған капиталға салым ретінде: негізгі құралдар, матери-
алдар, материалдық емес активтер болуы мүмкін. Мұндай жағдайға
сәйкес төмендегі бөлімшелердің шоттары дебеттеледі: № 13 «Ма-
териалдар», № 24 «Негізгі құралдар», № 27 «Материалдық емес ак-