Мысалдар келтіреміз: 1) шойын құю цехының жұмысшылары
мен линиядағы персоналға қыркүйек айында 2005 жылы сол айдағы
жүктелімдерге сәйкес, 2800000 теңге сомада еңбекақы есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8012 — 3350 = 2800000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында сырт ұйымдардың қаражаттарын пайдаланғаны
үшін 2005 жылы қыркүйек айының 13 жұлдызындағы № 3 келісіміне
сәйкес, 38000 теңге сомада сыйақылар есептелді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7310 — 3380 = 38000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) кешенді бригада дәнекерлеушісі А. Сәрсенбаевтың 2005 жы-
лы қыркүйек айындағы еңбекақысынан ережеге сәйкес, 4500 теңге
сомада Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық
мөлшерде ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
218
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3220 = 4500 2 типті операция
П (-) П (+)
4) цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы
еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомо-
сына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000 теңге сомада
ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3390 = 18000 2 типті операция
П (-) П (+)
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
219
Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталған жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде
біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай
элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер
қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а) Қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3010, 3020 «Қыс-
қа мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.
Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық опе-
рация № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3010, 3020 шоттардың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3010, 3020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29
жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына
сәйкес, 500000 теңге сомада банктің қысқа мерзімді несиесін жапты
(төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 1040 = 500000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу
(жабу). Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар бойынша мін-
деттемелер» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Салықтар
мен басқа бюджетке міндетті төлемдер жабылатындықтан (төлене-
тіндіктен), шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кре-
дитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
220
Дт Кт Құжаттар
3110, 3130—3190 1010—1040 МСИ-ның декларациялары,
шот-фактуралар, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада салықтар бойынша кредиторлық қарыздары
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында
сол жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы декларациясы мен шот-
фактураларға сәйкес, өткізілген өнім мен тауарлар үшін 280000 теңге
сомада ҚҚС төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3130 — 1040 = 280000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) 2005 жылдың 1 тоқсанында сол жылы наурыз айының 31
жұлдызындағы декларациясы мен есептерге сәйкес, жеке табыс
салығы 18500 теңге сомада төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3120 — 1010 = 18500 4 типті операция
П (-) А (-)
б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қа-
рыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес
(қауымдастырылған) ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Еншілес (қауым-
дастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабылатындықтан,
шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен де-
бетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
221
Дт Кт Құжаттар
3320—3340 1010, 1040 МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер, шот-
фактуралар, төлем тапсырмалары,
квитанциялар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30
жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге
сомада еншілес ұйымдарға қарызын жапты (төледі). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3320 — 1040 = 2200000 4 типті операция
П (-) А (-)
в) Алынған аванстарды жабу. Олар бойынша есептер № 3510
«Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті
бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жабылуы (тө-
ленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың
кредитінен № 3510 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3510 1010, 1040 Келісімдер, салыстыру актілері,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
222
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған қысқа мерзімді авансты жапты (төледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3510 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
г) Жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (тө-
леу). Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді
берешек» пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Жеткізіп
берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу) болғандықтан,
шаруашылық операция № 3310 шоттың дебетіне № 1010, 1040, 1210—
1240, 1610, 3010-3020 шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1210—1240 Келісімдер, шот-фактуралар,
3310 1610 жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,
1010, 1040 квитанциялар
3010—3020
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210,
1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін
4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан
кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге
кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының
16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000
теңге сомаға құрылыс материалдары үшін үшін жеткізіп берушінің
223
шоттарын төледі. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1040 = 2600000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) кәсіпорын алынған құрылыс материалдары үшін 2005 жылы
мамыр айының 17 жұлдызындағы № 2 салыстыру актісі мен шот-
фактураға сәйкес 1500000 теңге сомаға айырбастау (бартер) жасады.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1210 = 1500000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) кәсіпорын бұрын алынған қысқа мерзімді аванстар есебінен
2005 жылы шілде айының 23 жұлдызындағы № 11 салыстыру
актісіне сәйкес, 170000 теңге сомада мақтаны суаруға пайдаланған
су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1610 = 170000 4 типті операция
П (-) А (-)
4) кәсіпорын банкіден алынған қысқа мерзімді қарыздар есебінен
2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен
№ 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп
берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 3010 = 3700000 2 типті операция
П (-) П (+)
д) Басқа кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар
33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының
224
дебеті бойынша бейнеленеді. Басқа кредиторлық қарыздар жабы-
латындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040, 1250, 3120
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350, 3380, 1040, 1250 Еңбекақы, сыйақылар мен
3220, 3390 1010, 3120 МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер,
төлем құжаттары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1010, 1040)
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті
«Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның
дебиторлық қарыздары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3120) орналасқан кезде баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорын кредиторлық қарыздарының
көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) қыркүйек айында шойын құю цехының
жұмысшылары мен қызметтегі персоналға 2005 жылы қыркүйек
айындағы есептеу-төлеу ведомосына сәйкес, 1900000 теңге сомада
еңбекақы берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 1010 = 1900000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) шойын құю цехы персоналының еңбекақысынан тамыз айында
жеке табыс салығы 2005 жылы қыркүйек айының 23 жұлдызындағы
№ 113 төлем тапсырмасы мен есептеріне сәйкес, 38000 теңге сома-да
аударылды (төленді). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмен-
дегіше болады:
225
Дт Кт Сома Ескерту
3120 — 1040 = 38000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) 2005 жылы қыркүйек айындағы кешенді бригаданың дәне-
керлеушісі А. Сәрсенбаевтың еңбекақысынан сол жылы қазан
айының 5 жұлдызындағы № 125 төлем тапсырмасына сәйкес, 4500
теңге сомада жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық мөлшерінде
төлемдер аударылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3220 — 1040 = 4500 4 типті операция
П (-) А (-)
4) 2005 жылы қыркүйек айында цех бастығы Р. Абдуллаевтың
еңбекақысынан сол жылы қыркүйек айының есептеріне сәйкес,
2800 теңге сомада жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталды. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3120 = 2800 2 типті операция
П (-) П (+)
5) 2005 жылы қыркүйек айында цех бастығы Р. Абдуллаевтың
бекітілген есепті сомалары сол жылы қыркүйек айындағы аванстық
есепке сәйкес, 24750 теңге сомада негізгі өндіріске шығыс етілді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3390 — 1250 = 24750 4 типті операция
П (-) А (-)
Сонымен, біз 3 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық
операцияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық.
226
IV. БӨЛІМ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Бұл бөлімнің пассивті және 5 (№ 40, 41, 42, 43, 44) бөлімшелерден
тұратындығы кестеден көрініп тұр. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
пассив болып табылады, өйткені олар ұзақ мерзімді инвестициялар,
материалдық емес активтер, негізгі құралдардың есептелуі және
басқа ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардың келіп шығу көздерін
бейнелейді.
Олардың келіп шығуын (есептелуін) қараймыз.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің келіп шығуы (есептелуі)
Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз
кредиторлық берешектердің қандай элементтерден пайда болуына
назар аударуымыз керек.
а) Ұзақ мерзімді қарыздар (несиелер) алудан. Бұл операциялар
№ 4010—4020 «Банктік ұзақ мерзімді қарыздар» пассивті шотта-
рының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер несие берушілерден
келгендіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040
шоттардың дебетіне № 4010—4020 шоттардың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 4010—4020 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем
тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының
28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім
шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада ұзақ мерзімді қарыз
(несие) алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік төмендегіше болады:
227
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 4010 = 3000000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді
кредиторлық қарыздардан. Бұл операциялар № 4120—4140 «Еншілес
(қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қа-
рыздар» пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.
Қарыздардың есептелуі еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың
есебінен болатындықтан, шаруашылық операция № 4120—4140
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2930
1315, 1317
1010, 1040 4120—4140 Келісімдер, шот-фактуралар,
4010—4020 төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар
4110
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930)
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті
«Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның
шаруашылық құралдары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары
көбейеді.
Пассивті шот (№ 4010—4020, 4110) орналасқан кезде баланстың
пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес
ұйымдарға кредиторлық қарыздар көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға
ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30
жұлдызындағы № 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес,
2700000 теңге сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
228
Дт Кт Сома Ескерту
1310 — 4120 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар
есебінен 2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі
мен 6 маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге
сомада банктің ұзақ мерзімді қарыздары жабылды. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4010 — 4140 = 2000000 2 типті операция
П (-) П (+)
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға ұзақ мерзімді
қарыздар есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы
№699 төлем тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп
берушілердің шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 4130 = 1800000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Ұзақ мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер № 4410
«Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді.
Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашылық операция
№ 4410 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 4410 Келісімдер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
229
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |