Жарғылық капиталды көбейту акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша:
Жарғылық капиталды көбейту акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша:
- акциялардың нақтылы құнын өсіру;
- қосымша акциялар (қосымша эмиссия) шығару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде:
- акциялардың нақтылы құнын төмен түсіру;
- олардың жалпы санын қысқарту мақсатымен акциялардың бір бөлігін сатып алу және қайтарып алу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Жарғылық капиталдың құрылған көлемі мен қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шот жоспарында «Капитал мен резервтер» атты 5-ші бөлімнің 5000 «Жарғылық капитал» бөлшегіндегі, акционерлік қоғамдардың және шаруашылық жолдастық ұйымдардың капиталы қалыптасу көздері келтіріліп мынадай синтетикалық пассивті шоттар ұсынылған: 5010 «Артықшылықты акциялар»; 5020 «Қарапайым акциялар».

Акционерлік қоғамдар құнды қағазды эмиссиялап (шығарып немесе сатып алып, қайта сатып) эмиссиялық кіріс арқылы акционерлік капиталды құрады.
Акционерлік қоғамдар құнды қағазды эмиссиялап (шығарып немесе сатып алып, қайта сатып) эмиссиялық кіріс арқылы акционерлік капиталды құрады.
Шаруашылық жолдастық орындарда 5030 «Салымдар мен пайлар» деген шотта капиталы есепке алынады.
Бұл үлгідегі ұйымдардың бастапқы капиталы құрылтайшылар мен қатысушылардың пайыздары және салымдары арқылы қалыптасады.
Ал капитал қалыптасудағы сомалар толық түспеген жағдайда, олардың есебі 5110 «Төленбеген капитал» деп аталынатын шоттың кредитіне бейнеленеді, кредиттік сальдосы капиталды толық қалыптастыру үшін жарғылық капиталға салуы тиіс қаражаттар сомасын анықтайды. Жарғылық капитал есебі былайша бейнеленеді: - Дебет 5110 «Төленбеген капитал» Кредит 5010 «Артықшылықты акциялар» немесе 5020 «Қарапайым оқиғалар» - акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салымдары бойынша берешектер.