Бухгалтерлік



бет120/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Мысалдар келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 2007 жылы қаңтар айының 26 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 2 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:



  1. 800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

2711
А (+)

— 5020
П (+)

= 800000

3 типті операция




  1. 1200000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





2414

— 5020

= 1200000

3 типті операция

А (+)

П (+)







  1. 2800000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бух- галтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





1317

— 5020

=

2800000

3 типті операция

А (+)

П (+)













  1. 1600000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгал- терлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

1010
А (+)

— 5020
П (+)

= 1600000

3 типті операция



б) Номиналды құн бойынша айналымнан акцияларды алып тастаудан. Бұл шаруашылық операциялар № 5010 «Жарияланған капитал» пассивті шотында бейнеленеді. Акцияларды айналымнан алып тастау номиналды құн бойынша болатындықтан, шаруашылық операциялардың жазуы № 5010 шоттың дебетіне № 5210 шоттың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

5010

— 5210

Жиналыстардың хаттамалары, қайта тіркеу құжаттары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын құрылтайшылары мен қатысушылары салымдарының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталы көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы тамыз айының 23 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 6 хаттамасының шарттарына сәйкес, 3200000 теңге сомаға меншікті акциялар айналымнан алынып тасталды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

5010
П (-)



— 5210
П (+)



=


31200000


2 типті операция





в) Кәсіпорынның акцияларын құрылтайшылар мен акционерлер тарапынан ақша немесе басқа мүлік арқылы алудан. Бұл ша- руашылық операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес актив- тер», 2410—2417, 2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317
«Тауар-материалдық қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті шоттарында бейнеленеді. Салым ретінде жоғарыда көрсетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орналасқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы жо- ғарыдағы шоттардың дебетіне № 5020 шоттың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 2710, 2730
2410—2417 511 Құрылтай құжаттары,
көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері, 1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 2007 жылы мамыр айының 24 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 6 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:

  1. 1800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

2711

— 5020

= 1800000

3 типті операция

А (+) П (+)

  1. 2100000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

2414
А (+)

— 5020 = П (+)

2100000

3 типті операция




  1. 1900000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бухгал- терлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт




Сома

Ескерту

1317
А (+)

— 5020
П (+)

=

1900000

3 типті операция




  1. 3200000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгал- терлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

1010
А (+)

— 5020 = П (+)

3200000

3 типті операция




  1. 2000000 теңге сомада тауарлар. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт




Сома

Ескерту

1330
А (+)

— 5020
П (+)

=

2000000

3 типті операция



г) Капитал резервтеріне қаржы бөлуден. Бұл шаруашылық опера- циялар № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» пассивті шотында бейнеленеді. Резервтік капитал бөлінбеген пайданың есебінен ұйым- дастырылып және кредиттік жағында болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5430 шоттың дебетіне № 5310, 5340 шоттар-
дың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады: Дт Кт Құжаттар



5430
5310, 5340 Кәсіпорын жарғысы, есептер,
қаржы бөлулер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы көбейеді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы кемиді.


Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: сақтандыру компаниясының жарғысына сәйкес, жыл сайын ұйымның жылдық бөлінбеген табысының 40%-ы резервтік капиталға аударылуы қажет болған. 2007 жылы қаңтар айының 19 жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 4 хаттамасына сәйкес, 80600 теңге сомада резервтік капиталға қаржы бөлінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

5430
П (-)

— 5310 = П (+)

80600

2 типті операция

Енді капитал элементтерінің кему (шығыс етілу) жағдайларын қараймыз.


Бұл жағдайларда капиталдың қаралатын элементтері дебет бойынша өтеді. Осы жерде біз капиталдың қай элементтер есебінен кемитініне назар аударуымыз керек.




а) Жарияланған капиталдан қатысушылар салымдарының алы- нып тасталуынан. Бұл операциялар № 5010 «Жарияланған капитал» пассивті шотының дебетіне № 2710, 2730, 2410—2417, 2930 1310—
1317, 1330, 1350, 1010, 1020, 1040 шоттардың кредитінен жүргізіледі. Салымдардың алынып тасталуы материалдық ресурстар, негізгі құралдар мен ақша қаражаттары есебінен жасалатындықтан, жазу

төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар


2710, 2730
2410—2417, 2930
5010 1310—1317, 1330, 1350 Келісімдер, хаттамалар,
1010, 1020, 1040 реестрлерден көшірмелер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысушылар салымының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның ресурстары кемиді.


Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы наурыз айының 15 жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 3 хаттамасына сәйкес, жалпы сомасы 10100000 теңгеге жарияланған капиталдан қатысушылардың салымдары алынып тасталды, оның ішінде:

  1. қолма-қол ақшамен 2800000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух- галтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт




Сома

Ескерту

5010
П (-)

— 1010
А (-)

=

2800000

4 типті операция

Басқа

мүлікпен:










  1. негізгі құралдармен 4200000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух- галтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

5010
П (-)

— 2413
А (-)

= 4200000

4 типті операция




  1. әртүрлі материалдармен 2500000 теңге сомада. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

5010

— 1310

= 2500000

4 типті операция

П (-) А (-)

  1. әртүрлі тауарлармен 1600000 теңге сомада. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:




Дт

Кт

Сома

Ескерту

5010
П (-)

— 1330 = А (-)

1600000

4 типті операция



ә) Акционерлермен меншікті акцияларды өтеп алудан. Бұл операциялар № 5210 «Сатып алынған меншік үлестік аспаптар» пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Акцияларды өтеп алу кәсіпорынның қаржылары есебінен болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5210 шоттың дебетіне № 1010, 1020, 1050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

5210

— 1010, 1020, 1050

Жалпы жиналыстардың хаттамалары, келісімдер, реестрлерден көшірмелер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның алынып тасталған капиталының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның ресурстары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында акционерлердің қалауы бойынша 2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы жалпы жиналыстың
№ 1 хаттамасына сәйкес, 3600000 теңге сомаға меншікті акциялар қолма-қол ақша арқылы өтеп алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

5210
П (-)

— 1010
А (-)

= 3600000

4 типті операция



б) Дивидендтер мен басқа сыйақыларды төлеуге пайдаланудан.
Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік капитал» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Дивидендтер немесе басқа сыйақылар төленетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы
№ 5310, 5330, 5340 шоттардың дебетіне № 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:


Дт

Кт

Құжаттар

5310, 5330, 5340

— 3030

Жалпы жиналыстың







хаттамалары, төлем

есептері







Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның дивидендтер мен басқа сыйақыларды төлеу бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында өткен жыл жұмысының нәтиже- лері бойынша 2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 1 хаттамасына сәйкес, 850000 теңге сомада артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:


Дт

Кт

Сома

Ескерту

5340
П (-)

— 3030
П (+)

= 850000

2 типті операция



в) Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабу үшін пайдаланудан. Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік капитал» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабуы жүргізілетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 5310, 5330, 5340 шоттардың дебетіне № 5430 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар

243

5310, 5330, 5340 — 5430 Жалпы жиналыстың


хаттамалары, төлем есептері Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы көбейеді (залалы жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында былтырғы жылы жұмыстың нәтижелері бойынша 2007 жылы сәуір айының 10 жұлдызындағы жалпы жиналысының №6 хаттамасына сәйкес, 350000 теңге сомада есепті жылдың залалы резервтік капиталдың есебінен жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

5340
П (-)



— 5430
П (+)



= 350000


2 типті операция



Сонымен, біз 5 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе- рациялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап, талдадық.


Ескерту: № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» және 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» бөлімшелерінің шоттарын толығырақ қарау және талдау үшін осы оқу құралында жеке бөлім қарастырылған.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет