Бухгалтерлік



бет117/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіге берілетін ұзақ мерзімді берешек есебінен 2005 жылы қыркүйек айының
26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шот-фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1317
А (+)

— 4110
П (+)

= 1000000

3 типті операция

2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот- фактураға сәйкес, 140000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:





Дт

Кт

Сома

Ескерту

1420
А (+)

— 4110 = П (+)

140000

3 типті операция

Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.




Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)


Аталмыш жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз кәсіпорын тауар-материалдық қорларының құны қандай эле- менттерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.




а) Ұзақ мерзімді қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 4010, 4020 «Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 4010, 4020 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 4010—4020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді
есептеу
бойынша есептер, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.


Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29 жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің ұзақ мерзімді несиесін жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:


Дт

Кт

Сома

Ескерту

3010
П (-)

— 1040
А (-)

= 500000

4 типті операция



ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кре- диторлық берешектерді жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4120— 4140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Еншілес (бағынышты) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабы- латындықтан, шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 4120—4140 1010, 1040 МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер, шот- фактуралар, төлем тапсырмалары,
квитанциялар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30 жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге сомада еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді қарызын жапты (төледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

4120
П (-)

— 1040
А (-)

= 2200000

4 типті операция



б) Алынған ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Олар бойынша есептер
№ 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жа- былуы (төленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 4410 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:


Дт

Кт

Құжаттар

4410

1010, 1040

Келісімдер, салыстыру актілері, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29 жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін бұрын алынған ұзақ мерзімді авансты жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

4410
П (-)



— 1040
А (-)



= 1700000



4 типті операция





в) Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді берешек» пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Жеткізушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу)
болғандықтан, шаруашылық операция № 4110 шоттың дебетіне
№ 1010, 1040, 1210—1240, 1610, 3010—3020 шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

4110


2110—2140
2910

Келісімдер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,




1010, 1040

квитанциялар

3010—3020

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210, 1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін


4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет