Бухгалтерлік



бет23/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Қайталау үшін сұрақтар:





  1. Толтырылған чектің теріс бетінде көрсетілмеген мақсаттарға қолма-қол ақшаны жұмсау мүмкін бе?

  2. Еңбекақы төлеу үшін алынып, жұмсалмай қалған сома қай мерзімде банкіге өткізіледі?

  3. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың бланкісін қайдан алуға болады?

  4. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың бланкісі неше бөліктен тұрады?

  5. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі банкіде қалады?

  6. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі кассир- ге беріледі?

  7. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі банк та- рапынан банктің көшірмесімен бірге қайтарылады?

  8. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың үш бөлігінің әрбірінде қандай міндетті реквизиттер қайталанады?

  9. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың үшінші бөлігінің толтырылуының басқа екеуінен ерекшелігі неде?



23. Есеп айырысу чектерін қолдану


Есеп айырысу чегі — чек берушінің шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі.


Чектер лимиттік және лимитсіз кітапшалардың чектері бо- лып бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың чектерімен тауарлар мен көлік және байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар жаса- лады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзім көрсетіледі.
Лимитсіз кітапшалардың чектерін банкіден жолдағы есепті құжаттар есебінен несиені қолданатын кәсіпорындар алады. Олар бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау стансасына дейін жүктерді тасымалдау үшін темір жол тарифінің сомасына сәйкес, темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барысы бойынша жасалады.
Есеп айырысу чектер кітапшасын алу үшін дағдылы чек кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан басқа, есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа есеп айырысу шотынан белгіленген соманы аудару нұсқауымен банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған кәсіпорын- ның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайда- лану үшін типтік үлгідегі сенімхат беріледі.
Қазіргі уақытта жалған чектердің көбейіп кетуіне байланысты елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет