Қайталау үшін сұрақтар:
Кассалық операцияларды жүргізу кезінде қай құжатты бас- шылыққа алу қажет?
Кассир қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін жеке материалдық жауапты бола ма және ол қалай заңдастырылады?
Кассалық операцияларды жасау үшін қандай құжат қолданы- лады?
Қолма-қол ақша беру кезінде қаржы басқарушысының қолтаң- басы болуы тиіс пе және қандай құжаттарда?
Кіріс және шығыс кассалық ордерлерге өзгерістер енгізуге рұқсат етіле ме?
Сіздің кәсіпорыныңызда жұмыс істемейтін тұлғаға кассадан ақша беру қалай жүргізіледі?
Кіріс және шығыс кассалық ордерлер қайда тіркеледі?
29. Кассалық кітап жүргізу
Кассалық операциялар бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде алдын ала қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық кітапта жазылады.
Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтарға саны басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары және кәсіпорынның мөрі қойылуы тиіс.
Кассалық кітаптағы жазулар көшіргіш арқылы 2 данада жазы- лады. Екінші данасы — жыртылмалы, оған тіркелетін құжаттарды қоса, ол кассирдің есебі болып саналады. Есеп күнделікті қолма-қол ақшаның келуі мен шығыс етілу барысы бойынша жазылады.
Кассалық кітапты толтыру үлгісі 20__ ж. 10 қаңтарындағы касса 1 парақ
-
Құжат- тың №
|
Шаруашылық операцияның мазмұны
|
Байланыс шоты
|
Кіріс
|
Шығыс
|
Күннің басталуына қалдық
|
250
|
—
|
1
|
Ш.Сеитовтан есепті соманың қа йтарылуы
|
1250
|
1200
|
—
|
2
|
«Темір-банк» ААҚ банкіден АБ
№ 026036 чек бойынша ақша кірісі
|
1040
|
90000
|
—
|
3
|
А.Сәрсенбаевқа — іссапар шығыстарына есепті сома берілді
|
1250
|
—
|
5000
|
4
|
Желтоқсан айының еңбекақысы
төленді
|
3350
|
—
|
85000
|
Бір күндегі жиынтық
|
91200
|
90000
|
Күннің соңына қалдық
|
1450
|
—
|
Оның ішінде еңбекақы төлеуге
|
—
|
—
|
Кассир: (қолтаңбасы)
Құжаттарды тексеріп және екі кіріс, екі шығыс кассалық ордер қабылдадым
Бухгалтер: (қолтаңбасы)
Қолма-қол ақша сейфте сақталады. Онда қатаң есеп берудің бланкілері (еңбек кітапшалары мен оларға қосымша беттер, автокөлік жолдама қағаздарының квитанциялары және т.б.) және басқа бағалы құжаттар (демалыс үйлері мен санаториларға жол- дамалар, пошталық маркалар, қоғамдық көлікте жүру талондары, кәсіпорын қайта сатып алған акциялар) да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |