Бухгалтерлік


Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі



бет22/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

21. Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі




Кәсіпорын банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы алады.
Чектер арнайы чек кітапшасында болады. Чек кітапшасын алу үшін алушының аты-жөні көрсетілген және оның қолтаңбасының үлгісі берілген арнайы өтініш толтыру қажет. Өтініш басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары қойылып, кәсіпорынның мөрімен бекітіледі. Сол өтінішіне сәйкес, банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50 данаға чек кітапшасын береді. Банкідегі өзінің есеп айырысу шоты- нан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған басшымен бірлікте қол таңбаларын қойып, кассирге береді. Чектегі сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.
Кассир алдын ала (шамамен 1—2 күн бұрын) банкіге қажетті сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер күнін өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай, 10 күн ішінде жа- рамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережелеріне сәйкес, кассирдің штаты жоқ кәсіпорындарда оның міндетін толық материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт жасалып, кәсіпорын басшысының жазбаша түрдегі өкімі бой- ынша бас бухгалтер немесе басқа қызметкер атқаруы мүмкін.


Қайталау үшін сұрақтар:





  1. Ақша чегі не үшін қажет болады?

  2. Кассирдің міндетін кәсіпорынның бас бухгалтері атқаруы мүмкін бе?

  3. Банкіден ақша чек кітапшасын алу үшін қандай құжаттарды толтыру қажет?

  4. Банкіден қолма-қол ақша алудың тәртібі қандай?

  5. Банкіден қолма-қол ақша алу кезінде кассир жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге тиісті ме?

22. Банкіге қолма-қол ақшаны өткізу тәртібі


Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң мақсатты бағыттар (ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс бетінде көрсетіліп қойылған) бойынша жұмсалу қажет. Ақшаның жұмсалмаған қалдығы кассаға тапсырылады. Алушылар тарапынан қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар да есеп айырысу шотына өткізіледі.


Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордерімен жа- салады.
Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша ха- барландыруларды толтырады. «Хабарландыру» бланкісін банктің операторынан алу мүмкін. Ол үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, бірақ банк тиісті операцияны өткізгеннен соң, банктің көшірмесімен бірге тігіледі.
Үш бөліктің әрбірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабыл- дағаны, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жазылады: жазуды ол үшін арналған орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған жерлерін көлденең сызықпен сызып қою қажет.
Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айы- рысу шотымызда бұл сома дебет бойынша, ал банкіде — кредит бойынша өтеді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет