Қоректік тізбек түрлері



Дата23.06.2023
өлшемі13,65 Kb.
#103275
түріСабақ
Байланысты:
document name



Автор: Калиф Алтынгуль Аманжоловна
Пән: Жаратылыстану
Сынып: 4-сынып
Бөлім: Жанды табиғат
Тақырып: Қоректік тізбек түрлері

Оқу мақсаты

4.2.2.5 Қоректік тізбектің құрылымын түсіндіру 
4.2.2.6 Белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбектің моделін құрастыру; 

Күтілетін нәтиже:

Қоректік тізбек құрылымын түсіндіре алады.
Белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбектің моделін құрады
таңдау формасы бойынша өз нәтижелерін көрсете алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: Қоректің тізбектің рөлін түсіндіре алады
Пәндік лексика и терминология: қоректік тізбек
Қоректік тізбек қалай құрылады?

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(0-2 мин)

Жануарлар суретін көрсетемін.Сол суреттерге сәйкес жануардың қозғалысы десем қимылын саласыңдар.Дыбыс шығару десем сол жануардың дауысын саласыңдар. Бақа,жылан, көкек,қасқыр Кішкене ойнап көңіл-күйіміз көтерілді ме? Бүгінгі сабағымыз сонда не? туралы болмақ

Сабақтың ортасы
(3-5мин)

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін Сөйлемді аяқта... ойынын ойнап көрелік.Мен сөйлемді бастаймын сіздер аяқтайсыздар - Жануарлар …. (жыртқыштар, өсімдікқоректілер )болып бөлінеді -Жыртқыштар бұл- …(басқа жануарлармен қоректенетін жануарлар) -Өсімдікқоректі бұл… (өсімдікпен қоректенетін) жануарлар

Сабақтың ортасы
(6-35 мин)

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше зерттеу сабағы болмақ.Бүгін сендер сабақта кішкентай зерттеушілер боласыңдар.Класс іші сендердің зертханаларың болады.Сыныптан әділ,өзі білгір өздерің сенетін бір оқушыны ғылыми жетекші етіп таңдап ала қояйықшы.Кімді қоялық.? Оның міндеті-сыныпты бақылау.Ол көмекші ретінде өзіне лаборантты таңдап алсын.Ғылыми жетекші мен лаборантымызға қошемет көрсетеміз.Жұмысымызды бастайық Бидай-тышқан-бүркіт - Бұл суреттердің арасындағы баланысты тапсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығалы.Ойланып көрелік. - Дұрыс айтасыздар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы«Қоректік тізбек» деп аталады Бүгін сабақта зерттей отырып,белгілі бір ортадағы жануарлардың қоректік тізбегін құрастырамыз Тақырыппен жұмыс Қалай ойлайсыңдар зерттеу жұмысын бірден жасай аламыз ба? Оған әуелі қажетті мәліметтерді жинап алу керек.Дайын мәлімет бермеймін оған іздену керек.Ол үшін тақтаға 3 буын ілемін.Осы буынды қажетті сөздермен толықтыру қажет. (Лаборант сөздерді таратады.Оқушылар сөздерді іледі) Бірінші буын шөп,жидек,ағаш қабығы,бүршік Екінші буын бұғы,тышқан,қоян Үш буын түлкі,қасқыр үкі Қажетті мәліметтерді алдық Енді тізбекті құрастырамыз. Лаборант суреттер таратады.Екі топқа бөлеміз. Қай топ дұрыс ,тез орындаса сол оқушыны ғылыми жетекші бағалап отырады Қоректік тізбек құрастырылады Шөп-шегіртке -бақа Критериилер: Қоректік тізбек құрастырады Дескрипторлар: 1 Бірінші қоректік тізбек құрастырады 2.Екінші қоректік тізбек құрастырады 3.Үшінші қоректік тізбек құрастырады Постер қорғау. Критериймен бағалайды.Үкімен бағалау.Жарайсыңдар Нағыз зерттеуші екенсіңдер? Қараңыздаршы мен бір тізбекті алып тастаймын Не болады?Қалай ойлайсыңдар? - Шыбын,тышқан,қасқыр қандай зиян келтіреді? -Жер бетіндегі барлық тышқандар,қасқырлар,шыбындардың барлығын жойып жіберу керек деген оймен келісесіңдер ме?Неліктен келіспейміз? -Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?(қоректену арқылы тіршілігін сақтап қалады,тепе-теңдік сақталады -Дұрыс айтасыңдар балалар Сен білесің бе? айдарында мына мәлімет айтылған екен Каспий теңізіндегі мұнай өндірісі әсерінен ондағы қоректік тізбектің бұзылуына қаупі төніп тұр. Кішкентай зерттеушілер қалай ойлайсыңдар,адам осы тізбекке әсер ете ала ма ? алса қалай әсер етеді.

Сабақтың соңы
(36-38 мин)

Қорытынды: Біз адамдар,жануарлар,өсімдіктер табиғаттың бір бөлшегіміз.Табиғат ол-ұлы.Бәрінен де биік тұрады.Табиғатта жануардың өз орны бар.Бірақ әр жануар сол үшін жаралғанын білмейді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтеріңді қайда қолданар едіңдер?

Рефлексия 2 мин

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі бойынша сабақтық орытындылау. Бүгін мен………….. білдім…………. қызықты болды………… қиын болды. ……….. тапсырманы орындадым. …………. түсіндім. Мен енді ……….. білемін. Мен …….. сезіндім. Мен ………. Білімалдым. Мен …………….. үйрендім ………… қолымнанкелді. Мен ………….. жасай алдым. Мен …………… жасап көруге талпынамын. Мені ………….. таңқалдырды. Сабақ менің өміріме …… берді. Меніңжасағым келді. Үй тапсырмасы: Қоректік тізбек және қоректік торлар құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет