Буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгі, хәріп



Дата19.12.2022
өлшемі17,35 Kb.
#58237
түріОқулық
Байланысты:
Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі


Қазақ тіл білімі терминологиясында оның  ішінде лингвистикалық терминдердің  қалыптасуы мен  дамуы  туралы сөз  қозғағанда  ұлы ғұламаларымыздың  қатарына  кіретін  ұлтымыздың  ең ардақты  ұлдарының  бірі – Ахмет  Байтұрсынұлының есімін атамай өту мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған терминдері ең алдымен мектеп оқулықтарында қолданылды.  Өйткені белгілі бір тілдік құбылысты балаға игерту үшін оның өзіне  тән атауы болуы заңды. Сондықтан ғалым термин, атау жасау мәселесіне үлкен ыждағаттылықпен қарағаны түсінікті.

Ғалым жасаған терминдер 7-8 бен 10-12 жастағы ауыл балаларына ұсынылды, сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы білім-ғылымның бұл саласын ана тілінде түсінікті етіп, баяндауға міндетті еді, оларға жат болса да, бейтаныс ұғым атауларын қазақша ұсынуға тырысты. 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралында» буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгі, хәріп сияқты терминдер қолданылды. Ал 1914, 1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып шыққан «Тіл-құрал» оқулықтарында әбден қалыптасып, бүгінге дейін қолданылып жүрген  зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездеседі. Мектеп табалдырығын енді аттаған балалардың өздері түгілі, ата-әжелерінің, әке-шешелерінің хабары жоқ білім-ғылым тарауларын «фонетика», «морфология», «синтаксис» деп танытқаннан гөрі, «дыбыс жүйесі», «сөз жүйесі» деп атау әлдеқайда түсініктірек, таныстау боларын ғалым жақсы түсінген. Бұл терминдер терминге қойылатын талаптарға толық жауап береді.


Қазақ тілінің дыбыс, сөз және сөйлем жүйесіне арналған «Тіл-құралында» 310 лингвистикалық термин қолданған. Оның 118-і (38,5%) қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылып жүрсе, 192-сі (61,5%) қазір қолданылмайды. Бұл терминдерді тіл білімінің салаларына қатысты жіктесек: фонетикаға қатысты - 108 термин, лексикологияға қатысты 11 термин, морфологияға қатысты 109 термин, синтаксиске қатысты 64 термин және жалпы тіл біліміне қатысты 18 термин қолданылған. А. Байтұрсыновтың терминдерінің көбі қолданылу аясына қарай өзгеріске ұшыраған.

Ахмет Байтұрсынов қолданған терминдер

Қазіргі қолданыстағы
терминдер

бас мүше

бастауыш

баяншы мүше

баяндауыш

ымырасыз харіфтер

ұяңдар

қосалқы сөз

шылау

қағида

ереже

дыбыс жүйесі

фонетика

сөз жүйесі

морфология

сөйлем жүйесі

синтаксис

есімдеуіш атау сөздер

есімдер

бұратана сөздер

оқшау сөздер

кіші сызықша

дефис

ноқат

нүкте

қос ноқат

қос нүкте

қабат үтір

тырнақша



Бас мүше дейміз – сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөзін иесін. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады. Жеңілдік үшін бас мүше –бастауыш деп, баяншы – баяндауыш деп аталады. 


А.Байтұрсынұлының терминжасаудағы қағидаттары:
1924 жылдың маусым айында Орынбор қаласында «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» қазақ зиялылары терминологияны қалыптастырудың қағидаттарын белгілеуді күн тәртібіне қойды. Терминологияның қағидаттары туралы баяндаманы Елдес Омаров жасады. Терминолог-ғалым, қазақ терминологиясының қағидаттарын арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырған Ш.Құрманбайұлы Елдес Омаровтың ұсынған қағидаттарын «сол кезде термин мәселесінің басы-қасында жүрген А.Байтұрсынұлының тікелей басшылығымен жасалғандығын» айтады.
Осы съезден кейін 1926 жылы Бакуде өткен «Түрікшілердің бірінші құрылтайында» А.Байтұрсынұлы қазақ терминологиясын жасаудың алғашқы ғылыми қағидаттарын ұсынған болатын.
А.Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттары:
1) Термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу;
2) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден алу;
3) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек;
4) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек. (бумажник-күмәзнек;география-жағрапия)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет