Буын үндестігі
Үндестік заңының 2 түрі бар:
1)буын үндестігі 2)дыбыс үндестігі. Буын үн-
дестігі дегеніміз не?
Буын үндестігі - сөз ішіндегі және сөз бен қосымша арасындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі.
Буын үндестігі қандай сөздерде сақталмайды?
Буын үндестігі мына сөздерде сақталмайды:
- Күрделі сөздерде:
а) қос сөз
ә) біріккен сөз
б) тіркесті сөз
2. Кірме сөздерде:
а) араб тілі
ә) орыс тілі
б) парсы тілі
Мысалдар.
Қос сөздерде: аман-есен,
асты-үсті, қыз-келіншек, жоғары-төмен т.б
Біріккен сөздерде: баспасөз, көзқарас, Аягөз,
Тіркесті сөздерде: ала бер, он бір, келе жатыр, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.
Есекқырған, Екібастұз,
түйетабан, Алтынемел,
көкқұтан, итмұрын,
егеуқұйрық, ақсүйек, т.б.;
Кірме сөздерде
Араб тілінен кітап, мұғалім, құдірет, қазір, қадір, т.б.
Орыс тілінен кино, театр, алгебра, т.б.
Парсы тілінен рәсуа, күнәһар, т.б.
Осы сөздерде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келеді. Егер сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қандай?
а) Көмектес септік жалғауы: -пен, -мен, -бен (ақпен, аңмен, тұзбен)
ә) Тәуелдік мағынадағы жұрнақ: -нікі, -дікі, -тікі (Асандікі, баланікі)
б) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар: -еке, -ке, -сымақ, -тай, -жан, -тал, -дар
(басеке, кісісымақ, шешетай, әкежан, сезімтал, білімдар)
в) Белгілі бір сөздерге жалғанатын шет тілінен енген жұрнақтар: -паз, -қор, -қой -кер, -гер, -қой, -ғой, -гөй,- кеш, -уар, -ист, -изм, -бан, -хана, -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ина, -бей, -би, -кес
(қаламгер, пәлеқор, өнерпаз, кәсіпқой, кірекеш, сөзуар, әзілқой, ақылгөй, жүмыскер, Әуезов, арбакеш, мейірбан)
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
1) Ілгерінді ықпал 2) Кейінді ықпал
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
1) Ілгерінді ықпал 2) Кейінді ықпал
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шың кітап Қанат Ибрагимов Алматы 2017
Тіл біліміне кіріспе Алматы
Және ғаламтор желісінен алынған сайттар бойынша википедия және barin al, bilim kz сайттары
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |