Буын. Зерттелуі және түрлері



бет4/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Буын. Зерттелуі ж не т рлері

H.Сауpанбаев төpт түрін (жалаң, ашық, тұйық, бiтеу) анықтайды. Н. Сауранбаев «Қазақ тіл білімінің проблемалары» еңбегінде: «Өкпеден келген ауаның үзіліп-үзіліп шығатын толқынына сәйкес сөз бөлшегін буын дейміз» дей «буын құрайтын дауысты дыбыс және бір буында дауысты дыбыс бірден артық болмайды. Сондықтан буынның түрлері де дыбыстың қай орнында тұратынына қарай айрылады. Сөздің жуан я жіңішке болуы ішіндегі дауысты дыбыстың жуан жіңішкелігімен байланысты» деп, қазақ тіліндегі буындарды төртеу деп көрсетеді. Ғалым ашық, тұйық, бітеу буындар өз алдына, оған қоса сөздің жуан-жіңішкелігі туралы да сөз етеді. Мысалы, тор деген сөздің дыбыстары жуан, ал төр деген сөздің дыбыстары жіңішке. Осы сияқты ал дегенде жуан айтылған дыбыстар, әл дегенде жіңішке айтылып тұр. Себебі, тор, ал деген сөздердегі дауысты о мен а жуан, ал төр, әл дегендегі дауысты ө, ә дыбыстары жіңішке. Демек, сөздер құрамындағы дыбыстардың жуан, жіңішкелігін біз сөздің мағынасына қарап айырамыз. [4, 33 б]


М. Томанов: «Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде буынның негізгі екі түрі кездеседі: бірі - ашық, екіншісі - бітеу буын. Бұдан басқа сөз басында тек дауыстыдан не дауысты-дауыссыздан кұралған буындар да бар. Буындардың осы түрлерінен басқа , тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі - дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз буын. Мұндай буындардың соңынан екінші дауыссызы р, л дыбыстарының бірі болып келеді» деп буындарды топтастыруда әр тілдер тобының ерекшелігін ескере отырып жіктейді. Қазақ тілі түркі тілдерінің құрамына енетіндіктен буынга қатысты тілдік заңдылықтардың ұқсас жақтары да болары сөзсіз. [5, 137 б]

Қазақ тiл бiлiмiнде буын типологиясы туpалы жан-жақты зеpттеу жүpгiзiп, пiкip айтқан ғалымдардың бipi – I.Кеңесбаев. Оның 1954 жылы "Қазақ ССP Ғылым академиясының Хабаpшысы" жуpналының бipiншi нөмipiнде "Қазақ тiлiнiң буын құpылысы" деген мақаласы жаpық көpдi. Бұл кейiн ғалым еңбегiнiң бip тарауы болғаны мәлiм. I.Кеңесбаев буын категоpиясын талдап қана қоймай, Л.В.Щеpбаның идеясына сүйене отыpып, буын жiгiн анықтау мәселесi жөнiнен де келелi пiкip айта бiлген. Оның ойынша, буын экспиpация аpқылы – өкпедегi ауаны сыpтқа шығаpу аpқылы – жасалады. Буын жасаушы басты элемент – дауысты фонема. Сондықтан дауысты фонема жеке тұpып та немесе дауыссыздаpмен бipiгiп келiп те буын құpай алады. Әp буында бipден аpтық дауысты фонема болмағандықтан, сөз iшiнде неше дауысты фонема болса, сонша буын болады. I.Кеңесбаев буын iшiндегi дауыссыздаpдың экспиpациялық күшiне қаpай күштi бас дыбыс және күштi соңғы дыбыс болатынын айтады «Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады» дей келіп, осы, буын түрлерін ашық, тұйық және бітеу деп үш топқа бөледі де, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді.


Қазақ тілі буынның нормасы бойынша дыбыстардың саны байырғы сөздерде төрт түрлі болған:
а)бір дыбысты буын (әке, ала);
ә) екі дыбысты буын (ат, от, ет);
б)үш дыбысты буын (қаз, ұлт, ант);
в)төрт дыбысты буын (қант, жұрт).
I. Кеңесбаев буынның үш түрін көрсетеді:

  • Ашық буын

  • Тұйық буын

  • Бітеу буын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет