Буын. Зерттелуі және түрлері



бет1/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Буын. Зерттелуі ж не т рлері


Буын. Зерттелуі және түрлері.
1. Буын мәселесінің зерттелуі және оның түрлері.
2. Буын жігі.
3. Буынның алмасу түрлері.
Қай тілде болмасын буын жүйесі ерекше орын алады. Қазақ тіліндегі буынның маңызы ерекше екені белгілі. Фонетикалық заңдардың көпшілігі осы буынмен тікелей байланысты. Буын - ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы . [8, 57]


Буынның зерттелуі
Буын мәселесі, оның дыбыстық құрамы, байланысы, түрлері туралы зерттеулер XIX ғасырда басталды. Қазақ тіл білімінде ең алғаш буын мәселесін қарастырған ғалымдар: Ахмет Байтұрсынов «Тіл-құрал», «Тіл тағлымы», Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», Ж. Аралбаев «Қазақ тілі бойынша этюдтер», Н. Сауранбаев «Қазақ тіл білімінің проблемалары»,I. Кеңесбаев «Қазіргі қазақ тілі», К. Бейсенбаева «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», К. Аханов «Тіл білімінің негіздері», Б. Қалиев «Қазақ тілінің фонетикасы», С. Мырзабеков «Қазақ тілінің фонетикасы» т. б.
Қазақ тіліндегі буынның түрлеріне келсек, А.Байтұрсынұлы 1914 жылы жариялаған "Тіл құрал" еңбегінде буынның екі түрін (ашық және бітеу), 1928 жылы "Тіл жұмсарында" буынның үш түрін (ашық, тұйық, бітеу) көрсетеді. Ол буын түрін айырғанда, буыншы әріптердің тұрған орнына қарай айыратынын айтады. А. Байтұрсынов «Буын һәм дыбыс» және «Сөз һәм буын» деген мақалаларында сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бірінен-бірін туындатып арасын үзбей өзара байланыстырып қарады. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, «буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға «бітеу» деп ат қойыңдар, буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға «ашық» деп, ал буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деген ат қойыңдар [1, 177-178] деп буынның түрлерін саралап берді. Сондай-ақ, қазақ тілінде буын құрауға бейім дауысты: а, о, ү, е, и әріптерін көрсетіп, оларды «буыншы әріптер» деп атады. «Бір сөздің өзі бірнеше буыннан тұрады. Ал сол буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, «не?», «же!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буыннан бар. Мұндағы һәр буында екі-екі дыбыстан бар» деп, буынның дыбыстық құрамы туралы да сөз еткен. [1, 145-146 б] Осылайша, А. Байтұрсынов ең алғаш қазақ тілінде буын жүйесінің, буын түрлерінің және оның дыбыстық құрамын көрсетіп кетті.
Лингвистика саласында буынға қатысты келелі пікір айтқан, буын мәселесін өзінше саралаған келесі ғалым - Құдайберген Жұбанов. Ол қазақ тiлiндегi буынның алты түрін (ашық, жалаң, ауыр тұйық, ауыр бітеу, жеңіл тұйық, жеңіл бітеу) анықтайды. Құдайберген Жұбанов 1966 жылғы «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде буын туралы біраз мәселелерді қозғап оның түрлеріне де тоқталған.
Сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз. Ғалым Ахмет Байтұрсыновтың ережелерін негізге ала отырып, зерттеу жүргізді. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болды. Қ. Жұбанов буын жайында өзінің 1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында жарық көрген «Буын жігін қалай табуга болады?» атты мақаласында: «қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұга алмайсың, буынды білмейінше сөз екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, «ажарлап сөйлеу», «әсерлеп оқу» сияқты сабақтарды да дұрыс меңгере алмайсың» деп буынның маңыздылығын айта келе, қазақ тілінің буындарын буын ішіндегі дыбыстар санына қарай, буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне және буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктеді. Тілдегі буындарды құрамындағы дыбыстар санына қарай 4 түрге жіктеді: бір дыбысты буын, екі дыбысты буын, үш дыбьісты буын, төрт дыбысты буын. Сондай-ақ, қазақ тілінде бір буында төрттен артық дыбыс болмайтыны туралы да айтады. [2, 300 б]
Буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктегенде 2 түрлі буын болады: ашық буын, тұйық буын. Буынның аяғы дауысты дыбыспен тынса ашық буын дейміз, аяғы дауыссыз дыбыспен тынса тұйық буын дейміз. Бұлайша топтастыру - алдыңғыға қарағанда дұрысырақ. Себебі, буынның ашық не тұйық екендігін білуімізбен буынның тілдік қасиеттерінің бірқатарын ұғып қаламыз. Сөйтсе де, бұл жеткіліксіз. Бұл таптастыруда мысалы, «аш», «шаш», «шарт» деген 4 түрлі буынды бір қораға қамап, тұйық буын деген бір атпен айтамыз. Шындыгында бұлардың айырмасы бар. Бір ғана емес, күшті.
Буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне қарай таптастырғанда 6 түрлі буын болады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет