БУЫНДАР Иық буыны Дельта тәрізді аймақта орналасқан. Тоқпан жілік басымен жауырынның буын ойығынан түзіледі. Құрылысы- қарапайым, шар, тәрізді 3білікті.
Иық буынының негізгі элементтеріне:буын беті, буын капсуласы, буын қуысы, буын сұйықтығы, байламдары. Иық буынының қосымша элементері: буын еріншелері, қапшық, қайырылмалар.
Байлам апараты:құстұмсық- иық, буын-иық, құстұмсық- акромионды. Буын капсуласының түзілуі- тоқпан жіліктің үлкен кіші, төмпешік аралық жүлгесінен өтіп, иық екі басты бұлшықетінің сіңіршесі өтетін ішкі беті синовиалды қабықшамен қапталған фиброзды синовиалды қынап түзеді. Буын капсуласының әлсіз жері- капсуланың төменгі медиалды бөлігі бұлшықетпен байламмен бекітілмеген нәтижесінде осы бөліктің иық буынынан шығулары жиі болады.
Буында жалпы 4 қалтаны ажыратамыз. 1- құстұмсық асты қалтасы. Ол буын қапшығынан түзілген синовиалды қалта болып табылады. Құстұмсық өсіндісінің астында орналасады.
2 - дельта тәрізді бұлшықет астылық қалта. Аттас бұлшықет астында орналасады.
3 - Акромионасты қалтасы буын қуысымен байланыспайды, бірақ дельта тәрізді қалтамен байланысады.
4 - жауырынасты қалтасы - жауырын мойны мен жауырынасты бұлшықеті арасында түзілген. Буын қуысымен байланысады.
Қайырылымдары- 3қайырылмасы бар, оның басты қызметі қозғалысқа жауап береді: Қолтықасты қалтарысы-жауырын асты және үшбасты бұлшықеттің ұзын басының арасында орналасқан, қолтық асты нервісі өтеді, сол себепті бұл маңызды қалтарыс, иық буыны шығуы кезінде осы нерв зақымдануы мүмкін.
Жауырынасты бұлшықеттің сіңірасты қалтарысы-буын қапшығының алдынғы бетінде жауырыны мойнының алдыңғы- жоғарғы және жауырынасты бұлшықетінің артқы беткейінің аралығында орналасқан. Бұл қапшық иық буын қуысымен байланысады бұнда іріңдік процесс өтуі мүмкін.
Төмпешік аралық қалтарыс-сүйек- шандыр каналының алдыңғы жоғарғы буын бетінде орналасқан. Бұл иық қапшығының қуысымен байланысады. Қабыну процесс- әлсіз жерлерден: қолтықасты қайырылы қолтық асты шұңқырының клетчаткасына, жауырынасты бұлшықеттің сіңірасты қалтарысы арқылы жауырын асты сүйек фиброзды каналға, төмпешік аралық қалтарыс арқылы дельта тәрізді асты клетчаткалық кеңістікке ірің таралады.