жиі буын беттерінің айқасуы сақталатын шығып кету. Көбіне кездесетін шығып кету түрі жарақаттық емес түрі. Практикалық тұрғыда тазобедренный буынның дисплпзиясы кезінде байқалады, арнайы ортопедиялық тесттерде (Барденс және Ортолани) айқындалады, сонымен қатар тазобедренный буынның рентгенографиясында көрінеді.Бірнеше айлар ақсаңдайды.
Толық шығып кету-
Толық шығып кету-
буын беткейінің толығымен болініп кетуі,оның түрлері:
-Паралитикалық шығып кету- патологиялық шығып кету,аяқ-қолдын бұлшықеттерінің салдануынан пайда болады.
-Патологиялық шығып кету- буын аурулары салдарынан шығып кету,ол сүйектің буын беттерінің бұзылысына әкеледі.
-Әдеттегідей шығып кету-сүйектің буынды бастарының анатомиялық өзгерістеріне және буынның байланыстырушы аппаратының және оны қоршаған бұлшықеттердің әлсіздігіне негізделген бір буынның жүйелі түрде қайталанып шығып кетуі.
-Травматикалық шығып кету-сыртқы механикалық әсерлерге байланысты шығып кету.
-Түзетілмейтін шығып кету-бітісіетін сүйектердің арасындағы жұмсақ тіндердің асқынған интерпозициясы,сонымен қатар қартайған шығып кетулер.
-Асқынған шығып кетулер- ішкі – және буын маңылық сынықтармен,магистральды тамырлар мен жүйке өрімдерінің зақымдануымен жалғасатын асқынулар салдарынан болатын шығып кетулер.
Клиникалық көрінісі.
Әдетте, аяқ-қолдың сүйектерінің шығуының симптомы болып ақсаңдау және тіреу қабілеті толықтай жойылады,ауру сезімі,зақымдалған буында қозғалыстың шектелуі;
Төменгі жақтың шығуы- тамақты қабылдауда қиыншылық және тамақтың өтуінің шектелуі,тістердің сәйкес еместігі көрінеді;
Омыртқа шықса (омыртқалардың бітісу дәрежесіне тәуелді) – ақсаңдау,кесілу және салдану,зақымдалған аймақты пальпациялағанда ауру сезімі туады.
Емі.
Егер шығып кетуге күмәндансаңыз келесі шараларды қолданыңыз:
Көмек үшін тез медициналық мекемеге хабарласу керек.
Буынды қозғалтпау керек.
Медициналық көмек көрсетілгенше зақымдалған буынды шинамен фиксациялаңыз. Өздігіңізден оны қозғап немесе түзетуге тырыспаңыз. Бұл буынның және оны қоршаған бұлшықеттердің, байламдардың, жүйкелер мен қан тамырлардың зақымдалуына әкеледі.
Зақымдалған буынға мұз салады. Бұл ішкі қан кету мен буын ішінде және оны қоршаған тіндердегі сұйықтықтың жиналуының төмендеуі есебінен ісіктің болмауына көмектеседі.