22
заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар өрмекпен жүн мата тоқыған, алуан түрлі қыш
ыдыстар істеген. Қоладан және темірден құрал-саймандар мен қару-жарақтар жасаған.
Зергерлік бұйымдар мен әшекейлерді алтын, күміс және қоладан жасады. Ерте замандағы
қаңлылардың жазу мәдениеті болған. Қаңлылар негізінен ата-аналарының аруағына, ал бір
бөлігі отқа, айға, күнге табынған.
Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін Қауыншы, Отырар-қаратау, Жетіасар
мәдениеттерінен көруге болады. Олар Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған.
Қауыншы мәдениеті Ташкент аймағын қамтиды. 1958-1963 жж. А.Г. Максимова жетекшілік
еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне
жататын бірқатар ескерткіштер ашып, Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы
Ақтөбе қонысын ол жан-жақты зерттеген. Отырар алқабында Отырар-Қаратау мәдениетіне
жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өзенінің сол жағалауында Пұшық-Мардан,
Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма шақты қалашықтар
бар. Олардың ең үлкені – Көкмардан. 1969-70 жж. К. Ақышев жетекшілік еткен Отырар
археологиялық экспедициясы осы қалашықтардың көпшілігін тапқан. Жетіасар мәдениеті
Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала қалалар мен обалардан
Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. Археологиялық қазбалар
нәтижесінде табылған әшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен,
мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқанын дәлелдейді. Сонымен
қатар Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси,
экономикалық, мәдени қарым-қатынаста болғанын көрсетеді.
ІІІ-V ғғ. қытай деректерінің мәліметтеріне қарағанда кангюйлер өзінің Орта Азиядағы
қос өзен аралығы, Арал өңіріндегі иеліктерінен айырылып, бірқатар тәуелсіз иеліктерге
бөлініп кетеді. V ғасырда қаңлылар император сарайына елшілік жіберген елдер қатарында
болған. Бұл кезге қарай кангюйлер орнында пайда болған ұсақ иеліктер эфталиттер
мемлекетіне тәуелді болуы мүмкін. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта шенінен
бастап ортаңғы және төменгі Сырдария ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгеріп, оған
түркі тілдес тайпалар басып кіреді.
Бақылау сұрақтары:
1.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басында Қазақстан
территориясында өмір сүрген қандай тайпалық одақтарды білесіздер?
2.
Хун империясының күшеюінде қандай басшылардың еңбегі ерекше болды?
3.
Үйсіндер мен Қытай империясының арасындағы қарым-қатынас қандай болды?
4.
Қаңлылардың ескерткіштері қай жерлерден табылған?
Достарыңызбен бөлісу: