25
әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері
Қапаған қаған
бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл
жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының
өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы
құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың
жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес
жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары
түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы
қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
Сұлу билеген кезде Түркеш қағанатының және оның қол астындағы Он оқ елінің нығая
түсті. Түргештер Таң патшалығымен, яғни Қытаймен қарым-қатынасы болған. Н. Мыңжан
қытай деректері негізінде 717-734 жылдардың аралығында, яғни 17
жыл ішінде
Түргештердің Қытайға жеті рет елші аттандырып, сый-тарту беріп қайтқанын анықтаған еді.
Тарихи деректерге қарағанда Сұлудың Орта Азияны жаулап, дулулар мекендеген Талас
бойына қауіп төндірген арабтарға қарсы белсенді күрескен.
Өзі де, халқы да манихейлік
дінді ұстанған Сұлу мұсылмандықты түсінген жоқ. Оның арабтарға қарсы күресінде қол
астындағы қолбасысы, сары түргештер көсемі Күлі чор арабтарды Соғдыға ығыстырды.
Арабтар Сұлу қағанды сондықтан да Абу Музахим (төпелегіш, сүзеген) деп атады.
Соғдылықтардың өтінішімен 728-729 жж. түргештер арабтарға қарсы көтеріліс жасаған
Самарқанд пен Бұқара халқына көмектесу үшін осы қалаларға басып кірді. Ақыры,
Самарқандтан басқа Соғда аймағы түгелдей дерлік азат етілді. 730-731
жылдары біресе
арабтар, біресе түргештер жеңіске жетіп отырды. Тек 732 жылдың соңында ғана Джунейб
Абдаллах түргештерді талқандап, Бұқараны қайтадан басып алды. Арада бес жыл өткен соң
Сұлу бастаған құрамында дулулар бар түргеш әскерлері Тохарстанға тағы да басып кірді,
алайда арабтардан жеңіліс тапты.
Осы кезде арабтардан қашқан соғдылар Түркеш қағандығының территориясы аумағына
көптеп келіп қоныстанды. Осының бәрі Түркеш қағандығының саяси және шаруашылықтық
жағдайына әсер етті. Сұлу қаған да өзінің билік басындағы саясатын өзгерте бастады. Ол
енді алым-салықты көбейтіп қана қоймай, соғыстан түскен олжаларды бұрынғыдай
рубасыларға үлестірмей, мемлекеттің қазынасында ұстауға тырысты. Бұған нүшбеден және
дулудан шыққан ақсүйектер наразы болды. Наразылықтың нәтижесі 738
жылы Сұлуды
өлтіруімен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: