Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы


ханның жанынан  ақсақалдар Кеңесін құру



Pdf көрінісі
бет38/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

 
ханның жанынан 
ақсақалдар Кеңесін құру;
 
билер соты;
 
қазақ балалары үшін мектеп ашу;
 
шекара жанындағы 
қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру;
 
қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау 
экспедицияларын жіберу т.б.
 
Ал, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде 
жаңадан хан сайланбады.
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Абылай қай жылдары жоңғар тұтқынында болды? 
2.
Жоңғар хандығын Цин империясы қашан құлатты? 
3.
Абылайдың қандай күйлерін білесіз? 
4.
Абылайдың мәмлегерлік саясатын сипаттаңыз. 
3.4 Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі. 
Жеті жылдық соғысқа қатысқан Дон казагы Е. Пугачев Жайық казактарына келіп, 
олардың тұрмыс жағдайларын өз көзімен көріп, халықты құлдықтан азат ету үшін, өзін орыс 
патшасы ІІІ Петр деп жариялайды. Көтерелістің қарсаңында Кіші жүз жеріндегі саяси ахуал 
тұрақсыздыққа әкелді. Біріншіден, Ресейдің отарлық саясаты Кіші жүз жеріне біртіндеп 
енгеннен кейін жайылым жерлері тарылды. Қазақтардың жеріне Жайық казактары бекіністер 
салып, шұрайлы жерлерге орналасты. Екіншіден, Кіші жүз ханы Нұралы хан мен 
сұлтандардың халық арасында беделі азайды, қазақ кедейлері ханмен сұлтандардың 
озбырлығына қарсы шығып отырды. Үшіншіден, Кіші жүз ханы Нұралы және сұлтандар 
орыс-казактардың озбырлығына шыдай алмай, жаңа жайылым жер үшін күресе бастады. 
Еділ-Жайық өзені аралығында жерлерден қалмақтар көшіп кеткеннен кейін қазақтар Жайық 
өзенінен өтіп малдарын жаңа жерлерге жайып отырды. Бірақ, патша әкімшілігі 1758, 1771 
жылдарда Жайық өзенінің оң жағалауына өтуге тыйым салды. Кіші жүз қазақтарының Е. 
Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының басты себебі жер мәселесі болды. 
Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1773 жылы 16 қыркүйекте Жайық өзенінің оң
жағалауында Толкачев хуторында басталады. Е.Пугачев қазақтарды өз жағына шығару үшін
үндеу таратты. Онда «...өзім орыс патшасы ретінде сіздерге жер, су және нан, тұз беріп, 
сіздерді құлдықтан азат етемін, мені қолдауларыңызды өтінемін», - деп жариялады. Бұл 
үндеуден кейін 1773 жылы қазан айында қазақ жасақшылары өз еріктерімен қосыла бастады. 
Қазақ жасақшылары 24 қазанда орыс-казак бекінісі Красногорскіге, одан кейін казак 
Котельный және Гурьев редуттарына шабуыл жасады. Жайық казактарына көмек ретінде 
Сакмар бекінісінің атаманы Донсковтың 200 казак әскері келіп көмек көрсетті. Қозғалас
Жайық өзенінің оң жағалауында кең етек алып, 1773-1774 жылдарда қазақ жасақшылары 
Жайық өзенінің оң жағалауындағы орыс-казак бекіністеріне шабуыл жасап отырды. Олар
Новоузен, Қазан уездерінің жеріне және Еділ өзенінің жағасына дейін барады. Еділ-Жайық 
өзендері аралығында жүргізілген соғыс қимылдары қазақ жасақшылары орыс-казак 
ауылдарын талқандап, малдарын айдап, адамдарын тұтқындап Бұхара және Хиуа 
хандықтарына сатып отырған. 
1774 жылы қаңтар айында Е.Пугачев басқарған қазақ әскерлері Яйк(Жайық) 
қалашағына шабуыл жасап қоршауға алады. Бірақ, бірнеше күн бойына соғыс шабуылдарын 
ұйымдастырғанымен, Яйк (Жайық)қалашығын ала алмады. Бұдан кейін Е.Пугачев 
әскерлерімен қазақ жасақшылары Сакмар өзенінен өтіп, Орынбор қаласына аттанады.1775 
жылы 15 желтоқсанда Берда бекінісінде Е. Пугачевтың әскери тобы Орынбор қаласын 
басып алу жоспарын жасайды. Пугачевтың бас штабында қазақ сұлтаны Досалының баласы 
Сейдәліде болған. 
Орынбор қаласын қорғауға қазақ жасақшылары белсенді қатысты. Кіші жүздің Табын 
және Тама руларынан сұлтан Досалы және оның інісі Шерғазылар 2000 жасақшылармен Е. 


77 
Пугачев әскерлеріне көмектесті. Орынбор қаласын қоршаруға орыс,башқұрт және 
қалмақтарда қатысты. Е. Пугачев әскерлері Орынбор қаласын ала алмаған соң, Қазан 
қаласына бағыт алады. Е. Пугачев әскерлерінің саны туралы (жүздік) басшысы И. Мелехов, 
көтерілісшілердің әскерлерінің саны 10 мыңдай болды. Әскерлерінің құрамында 
орыс,қазақ,башқұрт және қалмақ жасақшылары күрестін аяғына дейін бірге болды», - дейді. 
Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан қазақтар өздерінің шабуылдарын 
жалғастырып, орыс-қазақ бекіністерін басып отырды.1774 жылы 4 қыркүйекте 400 қазақ 
жасақшылары Таналық бекінісіне шабуыл жасап, 237 жылқы 428 ірі қара малдарын айдап 
кетеді. 1774 жылы 21 тамызда Е. Пугачев әскерлері Царицин қаласына шабуыл 
жасайды.Орыс мемлекетінің тұрақты әскерлері Е. Пугачев жасақшыларын талқандап жеңіске 
жетеді. 
Е. Пугачев жеңіліс тапқаннан кейін Жайық өзенінің бойындағы орыс-қазақ 
бекіністерінің біріне бару үшін бағыт алады. Артынан шыққан қуғыншылар Е.Пугачев және 
қасында жүрген адамдарын Кіші (Сары)және Үлкен (Қара) өзендерінің сағасында қолға 
түсіреді. Екі өзен қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының жерінде орналасқан. 
Е. Пугачев және оның жақтастарын Мәскеу қаласына апарып, сот үкім шығарып 1775 
жылы 10 қаңтарда өлтіріледі. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінде қазақтар орыс-қазақ 
бекіністеріне шабуылдарын жалғастырып отырды. Ресей патшасының отарлық саясатына 
қарсы күресте башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев ұлт-азаттық соғысты 
жалғастырды. 
Кіші жүз ханы, Нұралы мен Пугачев арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталғанымен 
қазақ сұлтандарының арасында Е. Пугачевты белсенді қолдап, қазақ жасақшыларымен Яйк 
(Жайық) қалашығын қоршауға және Орынбор қаласын алуға Досалы сұлтан және оның 
балалары көмектесті. Досалы сұлтан жасақшыларының саны, 2000 адам болған. Досалы 
сұлтан Е.И. Пугачевпен өте жақын байланысты болды. Досалы сұлтаннің баласы Сейдәлі Е. 
Пугачевтың штабында аманатта болып, Досалы мен Пугачев арасында тығыз байланыс 
орнатуға себепші болды. Сейдәлі сұлтан ағасы Шерғазы сұлтанды Е. Пугачевпен 
кездестіреді. Шерғазы сұлтан қазақ жасақшылар отрядтарын басқарып, соғыс шайқастарына 
бірге қатысып отырған. 1773 жылы қараша айында Досалы сұлтан Е.И. Пугачевке хат 
жазады. Бұдан бұрын Досалы сұлтан Е. Пугачевпен хат алысып тұрған. Хатта : «Ұлы 
император Петр Федерович! Сіздің жазған хатыңызды алдым. Сіздің жеңістеріңді естіп 
қуанып қалдым. Сізді, Құдайдың өзі қолдап жеңістен жеңіске жете беруіңізге тілектеспін. 
Сізді бүкіл қырғыз – қайсақ ұлыстарына хан болуыңызды тілеймін, құдайымыз әр уақытта 
қолдап, армандарыңызға жете беріңіз...Сіздің сұраған көмегіңізге жауап ретінде 200 қазақ 
жасақшыларын жіберіп отырмын, Яйк (Жайық) қалашығын алуға көмектеседі. Сізге әр 
уақытта қызмет етуге дайынмын...» Досалы сұлтанның мөрі басылған. Хаттың мазмұн 
аударған Сағит Халвориннің қолы қойылған. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1775 
жылы жеңіліс тапқанынан кейінде қазақтар күрестерін тоқтатпады. Е. Пугачев туралы халық 
арасында аңыздар кең тарап, халықтардың есінде сақталды. 1775 жылы қыркүйек айында 
Кіші жүз қазақтарының арасында «Белгісіз» немесе «Невидимка» деп аталған адам аңызы 
кең тарап кетті. «Белгісіз» адамды қолға түсіру үшін Орынбор әкімшілігі бірнеше рет 
отрядтар жібереді. Бірақ оны қолға түсіре алмайды. Көзге көрінбейтін аңыз адам әйел 
болған. Әр жерде жүріп, әділет үшін күрес жүргізген, оның әскерлерінің саны екі мың адам 
болған. Табын, тама руларының жерінде орыс – казак бекіністеріне тосыннан шабуыл жасап 
жоқ болып кетіп отырған. Белгісіз (Невидимка) адамды қолға түсіру үшін Досалы сұлтанда 
бірнеше рет ізіне түседі. 1775-1776 жылдарда Е. Пугачев көтерілісі жеңілгеннен кейінде 
«Белгісіз» әйел ер жүрек, қолбасшы ретінде күресін жалғастырды. 1776 жылдың соңында 
Ойыл өзенінің бойында болып содан жоқ болады.
Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл 
көтерілістерден кейін, патша өкіметі 1775 жылы жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру 
жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігін 
Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына берді. Орынбордың обер-


78 
комендантына Кіші жүздегі патша әкімшілігінің жергілікті мекемелерінің іс-шараларын 
тікелей жүргізу тапсырылып, ол үшін Шекара істері комиссиясы құрылды. Патшалық үкімет 
орындары қазақ сұлтандарын өзінің сенімді тірегіне айналдырып, олардың көмегімен 
қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар 
патша үкіметіне адалдығын дәлелдеуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орындары 
сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала аристократиясымен одақты 
нығайтуға ұмтылды.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан өтуіне хан шекаралық 
үкімет органдарынан рұқсат алғаннан кейін ғана жол берілді. Сол кезде хан мен оның 
жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал 
әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп, «тұтқын іздеу» қаржысы ханның, шекаралық 
әкімшілік пен казактардың үстем топтарының тұрақты табыс көзіне айналды. 
Бұл көтеріліс Ресей империясының әкімшілік-басқару жүйесінің әлсіздігін көрсетті. 
Ресей патшайымы ІІ Екатерина бір орталыққа бағынған мемлекеттік басқару жүйесін енгізу 
үшін «Бүкіл Ресейлік губерниялық басқару» реформасын жүргізді. Ресей империясы 40 
губернияға бөлінді. Кіші жүз қазақтары Орынбор генерал – губернаторына бағындырылды.
 
Сонымен қатар ІІ Екатерина өзінің жарлығы мен, Яйк (Жайық) атын тарихтан өшіру үшін 
Орал деп, Яйк (Жайық) қалашығын (Уральск) және Яйк (Жайық) казак әскерлерін, Орал – 
казак әскерлері деп өзгертті. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы орыстың ұлы 
ақыны «Капитанская дочь» деген кітабын жазды. Кіші жүз қазақтарының жері Ресей отарлық 
саясатының бастауы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет