мақсаты
болып табылады.
Пәнді оқыту
міндеттері:
Қазақстан тарихын қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі
ретінде көрсету; ежелгі Қазақстан тарихын жан-жақты сипаттау; орта ғасырдағы қазақ
жеріндегі қағанаттардың тарихын, монғол шапқыншылығын, Қазақ хандығының тарихына
жан-жақты талдау жасау; Қазақстанды Ресей империясының жаулауы, әкімшілік-әміршіл
жүйенің қалыптасуын көрсету; жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихын сипаттап,
тәуелсіз Қазақстан тарихын жеке талдау.
Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер
білуі
тиіс: көне Қазақстан тарихын,
мемлекеттілік туралы түсінікті, монғол шапқыншылығын, Қазақ хандығының тарихын,
Ордалар тарихын, Ресей империясының Қазақстандағы саясатын, кеңестік идеологияның
ықпалын біліп, қазіргі заманғы тарихымыздың аса ауыр тұстары кеңестік әкімшіл-әміршіл
кезеңмен сәйкес келетінін, осы кезеңнің қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі,
мәселелерін жаңа көзқараспен сипаттауға үйреніп, кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз
жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлері
туралы, қазақ жеріндегі Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың
толыққанды мүшесі болғанын, Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болғаны,
Қазақстан-2050 туралы мағлұмат алады.
Пәнаралық байланыс, курстың басқа пәндермен байланысы:
философия,
мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану негіздері.
4
КІРІСПЕ
6 маусым 2013 ж. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің Қазақстан Республикасының
ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген
отырысында жасаған баяндамасы ел тарихын зерделеп жүрген тарихшылардың ғана емес,
барша қазақ жұртының мерейін өсірді.
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстанның ұлттық
тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Отан тарихын
оқытудың өзекті мәселелері талқыланды
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы
әдіснама және әдістеме арқылы сапалы жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақтың ұлттық
тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. «Тарихқа
арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың
мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу –
жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы»,
– деді Марат Тәжин.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы өз сөзінде мынадай мәселелерді көтерді. Біріншіден,
Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиістігін.
Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап
шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қа-
зақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми
кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиістігін. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі
және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге
баса көңіл бөлу қажеттілігін. Сондықтанда біз тарихи артефактілердің (бұл қазіргі заман
тарихына да қатысты) барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеуге, сондай-ақ ол
тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарауға, егер
ондай мүмкіндік болмаса – олардың көшірмесін жасатып, болашақта зерттеушілер мен
жалпы жұртшылық үшін қолжетімді етуге баса назар аударды. Төртіншіден, сіздердің на-
зарларыңызды орталықазиялық номадтық өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше
аударғым келеді, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Қазақ
этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен
дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу
саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды
тапсырды.
«Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын жасаудағы мақсат халық санасын
жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның
біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан
туындайды. 1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мем-
лекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы
қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті –
тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу,
тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді.
Тарих – кез келген қоғамдағы өзін-өзі танудың және өзіндік идентификацияның әдісі,
ал ұлттық тарих біріктіретін маңызды ролі бар және тілі, діні, рухани мәдениеті, таңбасы,
дәстүрі бар біртұтас халықты құрайтын мемлекеттің негізгі факторы. Оның жаңа тарихи
санасы, дүниетанымы, жеке және ұжымдық жадысы, адамдар мінез-құлқының мотивтері мен
стереотиптері болып табылады.
Қай заманда болмасын билік басына келген жаңа династия жаңа мемлекеттік билікті
бекемдеу үшін, ең алдымен, ұлттық тарихты жазды. Мемлекеттік саясаттың әсері ұлттық
тарихтың дамуына мүдделендіреді.
Қазіргі кезде тарих күнделікті өмірдің, мәдениеттің, ойлаудың, халық санасының
құрамдас бөлігіне айналып, сауатты қоғамның назарын өзіне аударуда.
5
Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал. Ол үшін бүгінгі
ұрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында танып, тек қана шындық айтылуы керек. Міне,
осы тұрғыдан алғанда бұл оқу құралы бүгінгі күннің талаптарына жауап береді. Оқу
құралында Қазақстанның ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғарғы оқу
орындарының тарих емес мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай
типтік бағдарлама көлемінде баяндалады.
|