81
2. Атақты әлеуметтанушы-теоретиктің (К. Маркс, Э.
Дюркгейм, М. Вебер, Г. Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз.
Негізгі
жұмыстарын
айқындаңыз
және
әлеуметтанулық
теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.
Өзін-өзі бақылау материалдары: жазбаша жұмыс,
зерттеулермен жұмыс, дискуссия.
Әдістемелік нұсқаулықтар: сабаққа дайындық барысында
міндетті түрде О. Конт пен Л. Вебердің еңбектерінің
түпнұсқасына назар аудару қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Пайдалануға
ұсынылатын әдебиеттерді жалпы пән бойынша берілген
әдебиеттер тізімінен (7 тарау) және дәріс сабақтарына ұсынылған
әдебиеттерінен қарастыруға болады.
Тақырып № 3. Әлеуметтанулық зерттеулер.
Тапсырмалар:
1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық
әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.
Кесте құрыңыз.
2. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап
беріңіз.
Әлеуметтанулық
әдістердің
(сұрау,
бақылау,
эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау)
ерекшеліктерін талдаңыз.
3. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып
таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын,
болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу
жиынтығын есептеңіз).
Достарыңызбен бөлісу: