83
2.
«Әлеуметтену агенттері» тақырыбын қарастырып,
әлеуметтенудің
әрбір
агентін
сипаттаңыз.
Сіздің
әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз (Бринкерхоф Д.,
Уэйтс
Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
3. «Жеке адамдар «әлеуметтік тіршілік иелері» ретінде»
тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз.
Өзін-өзі бақылау материалдары: жазбаша жұмыс,
зерттеулермен жұмыс, дискуссия, презентация.
Әдістемелік нұсқаулықтар: әлеуметтанудағы биография
әдісінің қолдануымен танысу керек.
Сонымен қатар, осы әдістің
мүмкіндіктері мен шектеулерін білу керек. Алынған ақпарат
негізінде білім алушылар әлеуметтік
автобиография жазып келуі
тиіс. Берілген тапсырма жазбаша орындалып, аудиторияда
іріктеліп талдауға алынады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Пайдалануға
ұсынылатын әдебиеттерді жалпы пән бойынша берілген
әдебиеттер тізімінен (7 тарау) және дәріс сабақтарына ұсынылған
әдебиеттерінен қарастыруға болады.
Тақырып № 6. Отбасы және қазіргі заман.
Тапсырмалар:
1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін
қолдана отырып) талқылаңыз.
2.
«Отбасы
қоғамның
кішігірім
жүйесі
ретінде»
тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру
(дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі
ретінде
қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен
қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер
ететін сыртқы және ішкі
факторларды айқындап беріңіз).
3. Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр
түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз.
Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: