Бұлшықет жасушаларының қалыпты қозуын қамтамасыз ету.
Бірқатар ферменттерді активтендіру
Бұл табиғатта таралуы бойынша 9-шы орында тұрған элемент, жер бетінде сутек байланысқан күйде (су, мұнай, тас көмір, т. б.). Ересек адам ағзасындағы сутек мөлшері 10% жуық . Сутегінің негізгі қызметі– биологиялық кеңістікті құру, органикалық молекулалардық алуан түрлілігін реттеу. Адам ағзасында ол басқа да макроэлементтермен қосылысқа түсіп, амин топтарын құрайды. Сутегі ақуыз, көмірсулар, майлар ферменттер құрамында болып, реттеу функциясын атқарады. Сутектік байланыстар арқылы ДНК молекулалары ұрпақтап ұрпаққа өтеді.
Асқазан шырынын түзуде қатысады, бүйректің зат бөлуін және зат алмасуды, сілекей және ұйқы бездерінің фермент бөлуін реттейді, және қан плазмасының сілтілік қорының 30% құрайды. Ағзаға күніне 1г натрий жеткілікті. Натрий мөлшері ағзада аз болса: әлсіреу, арықтау, шаш түсу, журек айну байқалады; ал шектен тыс көп болса: инсулиннің аз бөлінуі, арықтау, ағзада ақуыздың азаюы, тез шөлдеу байқалады.