М.САЙДАЛИНА, Белагашская СОШ Противопожарный рейд В целях минимизации числа пожаров в жилом секторе, недопущения погибших и травмированных в результате пожаров и от отравления угарным газом, стабилизации обстановки с пожарами сотрудники отдела по ЧС района совместно с личным составом ПЧ-19 п.Ботакара и сотрудниками акимата Петровского сельского округа провели субботник пожарной безопасности в селе Петровка. Жарайсың, Ағжан! №1 қазақ тірек мектебінің үлгілі оқушысы, ауданымыздың атын талай додаларда таны- тып жүрген Ағжан Шыныбек өткен аптада тағы бір атаулы марапатымен қуантты. Қазақстан Республикасы-
ның Тұңғыш Президенті –
Елбасы Қорының «Үздік
қазақ тілді интернет – сайт
сыйлығы!» байқауында
«Білім бұлағы» аталымы-
ның жеңімпазы атанған
«Эрудит» интеллектуалды
білім сайтының ұйымда-
стыруымен «Ұстаз – Ұлы
тұлға!» атты оқушылар
арасында өткен Республи-
калық шығармашылық ба-
йқауына «Ұстазым –
ұлағатым, үлгі-өнегем» но-
минациясы бойынша 1 дə-
режелі дипломның иегері
атанған Ағжан Шыныбек
тағы бір мəрте көп ішінен
ерекшелене білді.
Ол «Руханият» өнер мек-
тебіндегі актер сыныбының
ұстазы, марқұм режиссер
Сламбек Жұмағали ұстазы туралы эссе жазып, комиссияның назарын
бірден өзіне аударып алған талантты оқушы. Ал эссе жазуын қолдап,
ұстаздық, əкелік қамқорлығын көрсеткен Қалиасқар Шыныбек те шəкір-
тін жетелегені үшін республикалық деңгейдегі дипломға қол жеткізді.
Төрт жасынан-ақ «Ей, тəкаппар дүние, маған да бір қарашы, танимы-
сың сен мені, мен қазақтың баласы» деп жырлап жүрген Ағжан өнер
айдынында қатарластарынан оқ бойы озық көрініп, бүгінде жыр-терме,
дəстүрлі əн, гитарамен əн салудан көзге түсіп жүр. Мектепішілік, аудан-
дық, облыстық, республикалық деңгейдегі 50-ге жуық алғыс хаттар, сер-
тификаттар мен дипломдардың, бағалы сыйлықтардың иегері.
Ағжан бос уақытында кітап оқиды, гитарамен, домбырамен əн са-
лады, футбол ойнайды. Теледидардан танымдық бағдарламалар көріп,
ол туралы ата-анасы мен туыстарына айтып береді. Өзінің жеті атасы-
ның шежіресін жаттап, үлкендер сұрағанда, мүдірмей айтып береді. Үй
құстарының түрін көбейтіп, күтіп-баптағанды жақсы көреді. Балық аула-
уды, суға шомылуды ұнатады.
Бұқар жыраудың толғауларын мақамға салып орындап, Абай Құнан-
баевтың 200-ден аса өлеңдерін жатқа оқып, керек жерінде қолданып,
шешендігін де көрсетіп жүретін өнерпаз бала.
Өнер ешқашан тоқтамайды. Бойындағы бары – əні мен жыры оның
биіктерден көрінуіне əсер етеді деп ойлаймыз. Ұстазы Қалиасқар Мық-
тыбайұлымен бірге республикамыздың түкпір-түкпірінде өтіп жататын
түрлі байқауларға қатысып, қанжығасы бос қайтпаған оқушы бүгінде -
карантин уақытында да бір сəт тоқтамайды, онлайн сайыстарға бел-
сене қатысып, аты бəйгенің алдынан келіп жүр.
Шығарма мен өлең жазуды да меңгеріп, өзекті деген тақырыптарға
қалам тартып жүрген оқушының ойы орамды, тілі жатық, үнемі шығар-
машылық ізденісте жүреді. Осы бір өнерлі оқушының алдағы жолы оңы-
нан болып, бойындағы бар өнерін шыңдап, қасынан жанашыр,
мейірімді адамдар табылып, демеп, қолдап жіберсе –дарынды бала би-
іктерден жұлдыз болып жарқырарына сенеміз. Бұлақ көріп көзін ашқан
«Руханият» өнер мектебінің ұстаздар ұжымының, №1 қазақ тірек мек-
тебінің ұстаздарының осы баланы өнер жəне білім нəрімен сусындатып,
өмірге қанаттандыру жолындағы еңбектері жемісті болсын дегіміз ке-
леді.
Талабы мен таланты таудай Ағжанды атаулы марапатымен құттық-
тап, бұдан арғы уақытта да қаламың қарымды, ойың орамды, сөзің зер-
делі, əнің əсерлі болып, биіктер мен асуларды бағындыра бер деген
тілегімізді жолдаймыз.