Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района


Б.ЖАКЕШОВА  С наступлением осени природа преображается. Деревья



Pdf көрінісі
бет40/43
Дата04.10.2024
өлшемі26,95 Mb.
#146805
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Б.ЖАКЕШОВА 
С наступлением осени природа преображается. Деревья
облачаются в золотые, лиловые, багряные одеяния. Небо
становится блеклым, но все еще остается теплым,
благодаря сиянию последних лучей уходящего солнца. Но
именно такие краски придают осени неповторимую красоту,
особую атмосферу и настроение. Отобразить эту красоту
постарались ребята из Белагашской школы в рамках
конкурса «Палитра осени».
Палитра осени


7 ноября 2020 года
14 бет 7 қараша 2020 жыл 
Бұқар жырау жаршысы
Ұлттық валюта – теңге
Қай елдің болмасын валю-
тасы мемлекеттің тарихын тіке-
лей баяндайды, заманауи
саяси-экономикалық жағдайын
жəне жаһандық дəрежесін си-
паттайды. Бүгінде ақша бірлік-
тері мемлекеттің дамуының
маңызды рөлін атқарады. Олар-
сыз мемлекетаралық қатына-
старды орнықтыру мүмкін емес,
мемлекет ішіндегі қаржы опера-
цияларының бірін де орындай
алмайды. Ұлттық банкнотта
мемлекеттің тарихи оқиғалары,
елдің мəдениеті мен тарихына
елеулі үлес қосқан саяси-та-
рихи тұлғалардың бейнесі əрі
мемлекеттің басты мəдени же-
тістіктері бейнеленеді. Соны-
мен бірге, бүгінде ұлттық
валюта барша мемлекеттер
мен халықтар үшін өте ыңғайлы
жəне экономикалық негізі бар
қаржы құралы. 
Бұрынғы Кеңес Одағынан бө-
лініп, тəуелсіздік алған мемле-
кеттердің бірыңғай ақша
айналымы тұрақсыз жағдайда
болды. Осы жағдайда Қазақ-
стан өз ұлттық валютасы – тең-
гені 1993 жылы 15 қарашада
айналымға енгізді. Аз уақыттың
ішінде теңге құнды ұлттық ақша
бірлігі бола білді деп сеніммен
айтуға болады. Ол ақшаның
барлық қызмет түрін атқарады
жəне құн өлшеуші, айналыс құ-
ралы, төлем құралы, есеп айы-
рысу, қор жинау құралы міндет-
терін атқарады.
Егемендік алған жылдардан
бері Қазақстан қаржы жəне банк
жүйесі бірінші кезекте маман-
дардың, мемлекеттік қаржы-
несие саясатын жүзеге асырып
отырған қызметкерлердің еңбе-
гінің арқасында көптеген биік
нəтижелерге қол жеткізді. Бұл
жетістіктерге жетуде біздің
ауданымыздағы қаржы орган-
дары қызметкерлерінің де ең-
бектері орасан, олардың
арасында да өз ісіне адал бе-
рілген тəжірибелі мамандар ай-
тарлықтай. Барлық қаржы жəне
банк жүйелері қызметкерлерінің
мерекесіне айналған, Ұлттық
теңге күні болып жарияланған
15 қараша күні биыл 27 жыл
тойланып отыр. 
Айтулы мереке күні Бұқар
жырау аудандық қазынашылық
басқармасы ұжымы барлық қар-
жылық ұжымдарын мерекелері-
мен құттықтап, мықты
денсаулық, жақсылық, табыс
жəне Отанымыз Қазақстан Рес-
публикасының гүлдене беруіне
жаңа жетістіктер тілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет