«бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи бағындағы байбақ суырларының негізгі қоректік өсімдіктері



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі67,2 Kb.
#5016

«БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДАҒЫ БАЙБАҚ

СУЫРЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЕКТІК ӨСІМДІКТЕРІ

Ибраев Д.К.

Кіріспе

Қазақстан территориясының солтүстік бөлігінде таралған байбақ суырлары аңшылық пен

кәсіпшілікте  ауланатын  терісі  бағалы  кеміргіштер қатарына  жатады.  Суырлардың ресурсы  аң

шаруашылығы және жалпы табиғатты тиімді пайдалану саласында дұрыс эксплуатациялау мен

қорғауды қажет етеді.

Көптеген  зерттеушілерді  суырлар қызықтырды.  Олардың таралу  библиографиясы,

экологиясы,  медициналық  тұрғыда  және  жалпы  пайдаланудың сұрақтары  жайында біраз

ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып жазылған.

Қазіргі уақытта түрлі анторпогенді факторлардың әсерінен суыр популяцияларының саны

мен  таралу  ареалдары қысқарған.  Осыған  орай,  Ақмола  облысы  территориясында  орналасқан

«Бурабай»  Мемлекеттік Ұлттық табиғи  бағында  (МҰТБ)  байбақ суырларының таралуына

жүргізілген  жұмыс өзекті  болып  табылады.  Бұл Ұлттық табиғи  бақ  Қазақстан  Республикасы

Үкіметінің Қаулысы бойынша 2000 жылы 12 тамызда құрылды. Бурабай табиғаты әлемде сирек

кездесетін ерекше географиялық орта болып кеңінен танылады. Қазақтың Сарыарқа даласының

құрамына  кірген  Бурабайдың жер  бедері  орташа  таулы  алқапты  болып  келеді. Қылқан

жапырақты  және қайыңды  орман  алқаптарымен қатар  ашық далалы, қыратты  жері  тағы  бар.

Қазіргі  уақытта Ұлттық  табиғи  бақтың жалпы  ауданы  83510  га  көлемінде,  оның ішінде  47,4

мың га  ауданын  орманды  алқап  алып  жатыр. Сонымен қатар Ұлттық бақтың  құрамында

Бурабай, Зеренді, Шабақты, Шортанды секілді эвтрофты көлдері бар. Қазіргі кезде Ұлттық бақ

мемлекеттік  мекеме  болып,  республикалық

маңызы  бар  ерекше

қорғалатын  табиғи

территориялар жүйесіне кіреді.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Суырлардың Бурабай  популяциясының  саны  мен  сапалық жағдайын  және  олардың осы

аймақта   таралу    экологиясын  зерттеу  жұмыстары  оларды  жалпы  биоценоздың бір  тізбегі

ретінде қорғауды қамтамасыз  ету үшін қажет.  Суырларды  есепке  алу  жалпы Қазақ  Ғылым

академиясына қарасты Зоология институтының әдістемелігі арқылы жүргізілді. Оларды есепке

алу, негізінен, бір белгілі алқапта орналасқан суырлардың індерін санау оның ішінде қаншасы

еcкірген немесе тастап кеткен індер, қаншасы жаңа және жануарлары бар індерді санау арқылы

жүргізілді.  Сонымен қатар  бақылау  барысында  бір  інде  неше  жануардың барын  оның ішінде

ересектері неше бас, жас төлдерінің саны анықталды. Бірақ бұл есептеу әдістері толық санының

нәтижесін бере алмайды. Сондықтан  олардың қоныстану ерекшеліктерін ескере отырып негізгі

әдістемелікке қосымша ақпараттар жиналды:

Ұлттық бақтың климаттық ерекшелігіне  байланысты  суырлардың таралуын

анықтау

қоректенетін өсімдік түрлерін көрсету



 суырлардың қолайлы биотоптарын көрсету

Зерттеу нәтижелері

Ғылыми  жұмыстың басты  мақсаты:  «Бурабай»  МҰТБ-дағы  байбақ суырларының

геологиялық және физико-географикалық жағдайына байланысты таралуын немесе қоныстану

ерекшеліктерін зерттеу.

Байбақ суыры  немесе  дала  суыры - Marmota  bobac –  тиін  тұқымдасына  жататын  ТМД

елдерінің Еуропа  бөлігінде  және Қазақстанда  таралған  кеміргіш.  Байбақтар үш  түршеге

бөлінеді:  еуропалық - M.b.bobac  Muller,  ТМД  территориясының еуропа  бөлігінен  Орынбор

облысына  дейін  таралған; қазақстандық - M.b.  schagаnensis  Bashanov,  Орынбор  облысынан

шығысқа қарай Қарағанды облысына дейін таралған; және үшінші Еділ жағалауындағы байбақ

- M.b. kozlovi Fokanov, Саратов облысында кеңінен таралған және байбақтар арасында ең ірісі

болып есептеледі. Бұл түрше қосымша зерттеулерді қажет етеді [1].

Қазақстандық байбақ суыры - суыр тұқымдастарының ішіндегі  ірі өкілдерінің бірі.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ –ң Ғылым  жаршысы / Вестник науки КазАТУ им. С.Сейфуллина. –

2011. - № 2 (69).- С. 11-15.



Денесі салмақты, жүн жабыны жылтыр және қозғалысы өте ширақ. Түрлі тар қуыстармен

іннің бұрылыстарында оңай қозғала алады. Басы кішірек тұқыр, құлақтары кішкентай, көздері

үлкен. Жағында,  мұрын  тұсында, қабағында,  жақ сүйектерінің төменгі  жағында  орналасқан

ұзын вибристер қараңғы жер асты жолдарында дұрыс бағытта қозғалу үшін мүмкіндік береді.

Алдыңғы аяқтары қысқа,  төртсаусақты (бесінші саусағы редуцияланған), тырнақтары ірі, жер

қазуға  арналған.  Сондай-ақ алдыңғы  саусақтары өте  икемді, ұсақ заттарды  оңай  игеріп,

өсімдіктердің жіңішке сағақтарын ұстай алады. Алақаны жалаңаш, жақсы дамыған эпидермисі

қатпарлы мүйізделген болады. Барлық тиін тұқымдастарына тән суырлар екі түрлі қозғалады –

қадамдап және шабыспен [2].

«Бурабай»

Ұлттық

бағындағы  байбақ



суырлар  мекенінің  физико-географикалық

сипаттамасы. Ұлттық бақтың жер  бедері  жазықты  далалы  зоналардан  геоморфологиялық

жағынан таулы, биік төбелі және жартасты гранитті массивтерімен ерекшеленеді. Төбе аралық

ойпаттарында суырлар мекендеуіне қолайлы босаңсыған топырақ қалыңдығы 20-40 м-ге дейін

жететін зоналар бар. Сонымен қатар орманды алқаптарының арасында ашық алаңды далаларын

суырлар шоғырланып, әркелкі ұяластық қауымдастық құрып мекендейді. Жазықты далалардың

көп  бөлігін  тас қалдықтарының сынықтары, қиыршық тастар, құм, өзен  мен  көлдердің

қалдықтыры,  саз  және  саздауыт  алып  жатыр.  Ландшафт  топырағының кей  жерлерінде

эрозиялық процессі күрт дамығандықтан топырақ құламалары болып тұрады.

Бурабай  территориясының ауданы  орманды  далалы  және  далалы  климаттық зонаға

жатады.  Климаты  шұғыл  континентальды, қысы қатты, қары  аз,  жазы  ыстық, ауасы  ылғалды.

Далалы зоналармен салыстырғанда өсімдік вегетациясы ұзаққа созылады. (1-кесте)

Кесте 1 - Суырлар мекендеу ортасының далалы және орманды далалы зоналарындағы орташа

климаттық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Егіндікөл ауданы

Бурабай ауданы

Жылдық жауын-шашын мөлшері, мм

240

350


Қаңтардың орташа температурасы,С

-22


-23

Шілденің орташа температурасы, С

+25

+22


Аязы жоқ күндер ұзақтығы, күн

124


120

Алғашқы қар қазан айының аяғында түседі, бірақ тез еріп кетеді. Тұрақты қар жабыны 5-

10 қарашада қалыптасады. Қар қалыңдығының орташа  биіктігі  25-35  см,  ал  далалы  зоналарда

20 см аспайды. Желдің әсерінен қар қалыңдығы ауытқып отырады. Даланың кейбір биік төбелі

жерлерінде қар тіпті болмайды. Ландшафттың кейбір аудандарында қар қалыңдығы бір жарым

метрге  жетіп,  нәтижесінде қар  көктемде  біркелкі  ерімегендіктен өсімдік  жабынының

қалыптасуына әсер етеді. Жазда жауын-шашын мөлшері дала зоналарымен салыстырғанда көп

түседі.  Осының  әсерінен  шөптесін өсімдіктер  вегетациясы ұзаққа  созылып,  топырақтың

гидрологиялық режимімен дала суырларының мекен ету ортасында ерекшелік тудырады [3].

Өсімдіктер қауымдастығы. Табиғи бақтағы өсімдіктер Көкшетау өңірі ландшафттарының

флорасымен  тығыз  байланысты.  Оның

биікте  орналасуы  дала  зонасының  қоршаған

территориясымен  салыстырғанда  жауын-шашын  мөлшері  (300-350мм)  мен  ылғалдылығы

біршама  артық екені  байқалады.  Ауданның гранитті  массивтерінің көп бөлігін қайыңды-

қарағайлы ормандар алып жатыр. Шалғынды далалы және орманның ашық далалы жерлерінде

көп жылдық ксерофитті, оның ішінде көбіне дәнді-дақылды, сирек – тамыр сабақты және түрлі

шөптесін өсімдіктер  басымдылықпен өседі.  Дәл  осы өсімдіктер  типін дала  зонасының

индикаторы деп қарастыруға болады.

Өсімдіктердің  жалпы  ксерофиттілігі  және қысқа  мерзімдегі  вегетациялық кезеңі  шөп

жабынының сиректілігіне әкеледі.  Вегетацияның басы қар қабатының кетуімен  басталып,  ал

соңы  орташа  тәуліктік  температураның жоғарлауымен қалыптасады.  Маусым  айының орта

кезінде табиғи бақтың далалы зоналары сарғыш тартып, ал шілдеде толығымен күйіпте кетеді.

Дала  зоналарының  құрамында  эфемерлер  мен  эфемероидтар  саны  маңызды  формация

құрайды.  Жуа  сабақты  және  тамыр  сабақты өсімдіктер  жеке-жеке  болып  таралып, өсімдіктер

биомассасында үлкен рөл атқарады. (2-кесте)


Кесте 2 - Байбақтар қоректенетін өсімдіктер тізімі

Өсімдіктер түрлері

Көп

Орташа


Аз

Жолжелкен (Plantago media L.)

Кәдімгі мыңжапырақ (Amellia milletolium L.)

Сұлы (Avena sativa L.)

Боз (Stippa johannis Lzd.)

Сортаң (Festuea sulcaxa L.)

Қоңырбас (Poa angustitolia L.)

Кәдімгі тасшөп (Thimus serpyllum L.)

Шоңайна (Aretium lappa L.)

Бақбақ (Taraxacum ottienale Wig)

Шырмауық (Convolvulus arvensis L.)

Кәдімгі жусан (Artemisia absinthium L.)

Қалақай (Urtica urens L.)

Тегеурінгүл (Delphinium consotida G.)

Майракебіс (Bunias orientalis L.)

Алабұта (Chenopodium hibridum L.)

Сарғыш қотырот (Scabiosa ochrolensa)

Сылдыршөп (Viscaria viscosa Asch.)

Таспашөп (Astragalus hipoglottis G.)

Саршатыр (Heracium sp.)

Арпабас (Bromus squarrosus L.)

Аюқұлақ (Verbascum lychnitis L.)

Жоңышқа (Medieaga salvia L.)

Беде (Trinolium prateus L.)

+

+

+



+

+

+



+

+

+



+

+

+



+

+

+



+

+

+

+



+

+

+



+

Мәдени өсімдіктердің ішінде суырлар көбіне күнбағыс, бақша дақылдары, орамжапырақ,

жоңышқа, эспарцет, бедені жесе, ал аз көлемде бидай, арпа, бұршақ, қызылша және жүгерімен

қоректенеді. Егістік алқаптарында тараған суырлардың көп болуын жұтпен теңестіруге болады.

Әсірісе күнбағыс егістігіне қатерлі зиян тигізеді.

Суырлардың  қолайлы  биотоптары. Суырлардың  таралу  жағдайын  зерттеу  барысында

олардың мекен етуін «таулы» және «жазықты» деп бөлдік. Сонымен қатар олардың мекен ету

орталарының бір-біріне ұқсастығын қарастырдық.

Әдетте  көптеген  зеттеушілердің еңбегіне  сүйене  отырып  суырлардың мекендері  негізгі

үш типке бөлінетіні белгілі : 1) далалы зоналы (көп түрлі шөптесін астықты-дақылды, жусанды

астықты  дақылды,  шалғынды  далалы  және  орманды  далалы); 2) таулы  және  биік  таулы

шалғынды (тау-тасты астықты-дақылды); 3) альпілі және субальпілі шалғынды.

Байбақтардың тіршілік  формасы  далалық ланшафттағы  ашық кеңістікті,  кең  ауқымды,

шөптесін өсімдіктері  мол  жерлерді қоныстанады.  Байбақ және  басқада  суырлардың түрлері

даланың жабайы  тұяқтыларымен  эволюциялық тығыз  байланысты.  Жайылымды  жерлерде

екеуінеде қорек жеткілікті. Жабайы тұяқтылар болмаған жағдайда тың далаларда байбақтардың

тіршілігі қиынға  соғады.  Себебі өсімдіктердің түрлік құрамы  кедейленіп, өлі  кепкен

қалдықтары «атжалдар» құрап, көктемгі  алғаш  вегетацияны  тежеп,  суырлардың ашығуына

әкеледі.  Сондықтан жабайы  тұяқтылар  жайылған  алқаптарда  суырлар  толық  қорекпен

қамтамасыз етіледі [4].

Мекен ету орталарының ерекшелігіне қарамастан суыр популя- циялары өздерінің ұялары

үшін қолайлы  биотоптарды  таңдайды.  Барлық суырлар – ұялы-колониялды  ашық кеңістікте

мекендейтін, шөпқоректі, қыста ұйқыға  кететін  кеміргіштер.  Суырлардың негізгі  экологиялық

талабы -  балауса  вегетациялық  өсімдіктері,   жер  бедерінің  ұсақ топырақты  болуы, ұялар  мен

колониялар  арасындағы есту-көру  байланысының бар  болуы.  Айтылған  талаптар қоршаған

орта  факторларының ішінде  суырлардың  қолайлы  мекен  ету  ортасы.  Бірақ осыған  жанама

факторларда әсер етеді. Бұл рельефтің бөлшектенуі, ауа райы жағдайы, қар қабатының таралуы,

топырақтың ылғалдылығы және антропогенді факторлар.

Суырлардың таралу  жағдайында  негізгі  тіршілік  процессі  мен ұйқыға  кету  дайындығы

әрдайым  шөптесін өсімдік  вегетациясының болуымен  байланысты  болады.  Табиғи  бақтағы



жылдың бірінші жартысында суырлар қорегінің негізгі көзі астық дақылды, жабайы жуа және

түрлі шөптесін болса, ал екінші жартысында тек шөптесін өсімдіктер құрайды.

Мекен  ету  ортасының келесі  бір  жағдайы жер қыртысында ұсақ топырақтың қалың

болуы, яғни қыстау індерін жасау мен көктемгі қар суы толып кетуден сақтайтын ыңғайлы орта

болып  келеді. Қыстау  індеріне қар қабатының жабыны  мен қалыңдығы әсер  етеді. Әдетте

байбақтар қыстау  індерін  табиғи  бақтағы қары  жоқ немесе  шамалы қалыңдығы  бар  биіктеу

төбешіктерге тереңдігін 4-5 м-ге дейін қазып орналастырады. Төменгі сайлы жерлерін жер асты

және қар сулары басып жатады.

Біздің зерттеу  кезінде  байқағанымыз  суырлар үшін  маңызды  жағдайдын  бірі -  жеке

дарақтар мен ұялар арасындағы есту-көру байланыстың болуы. Орманның кейбір қалың бұталы

және  биік  шалғын  басқан  жерлерінде  есту-көру  байланысы  жоқ болғандықтан  байбақтар

қоныстамайды. Есту-көру байланысы болмаған жағдайда суырларға үлкен қауіп төнеді. Себебі

дыбыстау  арқылы қауіптің белгісін  беріп  отыру  жеке  колониялар  арасындағы  тіршілік

қауіпсіздігін  жоғарлатады.  Суырлардың  ұялас  көршілеріне қауіптен  сақтану үшін  дыбыстап

белгі беруі – жауынан қашып құтылатын қоянның жүйрік аяғымен тең [5,6].

Қорытынды

Байбақтардың  қоректік  көздерін  зерттеу  барысында  оларды қорек  таңдау  заңдылығы

анықталды.  Негізінен  олардың  қоныстарының маңында  32  түрлі өсімдіктер  кездесті,  сол

өсімдіктердің  13 түрімен  жиі қоректенеді,  ал үш  түрі  орташа қалған  7  түрі  сирек

пайдаланатындығы анықталды. Ал сол алқапта өсетін 32 түрлі өсімдіктің 9 түрін қорек ретінде

пайдаланбайтын  секілді.  Азық ретінде  сүйіп  жейтін өсімдіктер қатарына  аюқұлақ, арпбас,

жоңышқа,  сылдыр  шөп  т.б.  жатады. Осы  зерттеулердің нәтижесіне  байланысты  байбақтар,

аталған өсімдіктер  түрлері  мол өсетін  жерлерді қоныс  ретінде  таңдайды  деп  айтуға  болады.

Сонымен қатар  олар  шөбі  мол, қыратты, есту-көру  байланысы  бар  жерлерді қоныс  ретінде

таңдайтыны    анықталды.  Осы  нәтижелерді  байбақтарды  жаңа қонысқа  жерсіндіру  кезінде

ескеру қажет деген тұжырымға келдік.

Әдебиеттер

1. Бекенов  А.,  Есжанов  Б.,  Махмұтов  С. Қазақстан  сүтқоректілері.  Алматы.  «Ғылым»,

1995

2. Бибиков Д.И. Сурки. М.: Агропромиздат, 1989



3. Капитонов В.И. Распространение сурков в Центральном Казах- стане и  переспективы

их промысла // Тр. Института зоологии АН КазССР, 1966. Т.23.

4. Машкин В.И. Сурки в агроландшафтах // Охотоведение и приро-

дапользование. Киров, 1955

5. Машкин  В.И.  Европейский  байбак:  экология,  сохранение  и  использование.  Киров.

Кировская областная типография, 1997

6. Шубин И.Г. Особенности взаимоотношений в семейных группах байбака // Экология и

поведение млекопитающих Казахстана: Тр. Института зоологии АН КазССР, Алма-Ата, 1988. Т

44.

Резюме

В 

данной 



статье 

отражена 

научно-исследовательская 

работа 


по 

изучению


биогеологических  особенностей  сурка-байбака.  Для  роста  и  развития  популяции  изучаемого

вида  созданы  благоприятные  условия  жизнеобитания  на  территорий  ГНПП  «Бурабай».  Эти

условия  показывают,  что  кормовая  база,  состав  кормов,  условия  зимовки,    место  обитания  и

состав  грунта  отвечают  требованиям  биологии  и  экологии  сурков,  а  также  способствуют

увеличению  численности  сурка-байбака  на  территории  Акмолинской  области  и  других

прилегающих районах.

В данном Национальном парке созданы условия для расширения ареала обитания сурка в

естественной среде.



Summary

The  scientific-research  work  on  studying  of  the  biogeological  features  of  a  steppe  marmot

inhabiting on the territory of the State National Natural Park “Burabay” was shown in this article. The


favorable conditions for living,  growth and development of the population of the studied species are

created  there.  These  conditions  show  that  the  fodder  base,  feed  composition  and  conditions  of

hibernation,  and  also  the  composition  of  the  ground  entirely  meet  the  requirements  of  biology  and

ecology  of  the  steppe  marmots,  and  also  foster  increase  of  marmots’  population  on  the  territory  of

Akmola region and other neighboring areas.

The conditions of expansions of the area of natural habitat of the steppe marmot were created in



the National Park.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет