94
- квестті аяқтау нәтижесінде жеке немесе топта орындалатын білім беру
«ӛнімдері» әр түрлі болуы мүмкін: сұраққа жауап ретінде берілген мәселені
шешуден бастап, жасалған мультимедиялық презентацияларға, роликтерге,
сайттарға, буклеттерге және т.б. - осы технологияға енгізілген сюжеттер
ойын жаттығуларының құраушылары - рӛлдік немесе шытырман оқиғалы
ойын, ол іс жүзінде командалық сипатқа ие;
‒ арнайы компьютерлік бағдарламаларды, интернет желісінің
ақпараттық мүмкіндіктерін квест нәтижесін орындау барысында да, ұсынуда
да пайдалану, пікір алмасу бұл технологияны ақпараттық-коммуникациялық
ретінде сипаттайды.
Оқу квестін жобалау кезінде сюжетке байланысты тапсырмалар болады:
- ойын тізбек бойынша құрылған сызықтық: бір тапсырманы шешіп,
қатысушылар бүкіл маршрут ӛткенге дейін қандай да бір артықшылықтарға
ие болады;
- барлық ойыншылар негізгі тапсырманы және бағыт беруші
нүктелердің тізімін алады, бірақ сонымен бірге олар тапсырманы ӛз бетінше
таңдайды;
- сақиналы, олар шеңберге тұйықталған бірдей «сызықты» тапсырманы
білдіреді
[192, 193].
Достарыңызбен бөлісу: