95
технологияны пайдаланып кез келген қызықсыз оқиғадан тартымды, сапалы,
креативті контент жасауға мүмкіндік береді.
Біз педагогикалық цифрлық сторителлингті құруда бірнеше сюжет
құрылымдары белгілі. Қарапайым сюжеттің сипаттамасы: барлық басқа
сюжеттер үшін негіз болатын классикалық сюжет. Бұл біз білетін
ертегілердің кӛпшілігінде бір немесе басқа вариацияда кездеседі. Құрылымы:
басты кейіпкер – мақсат. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер (әртүрлі
мәселелер) – кедергілерді жеңу тәсілі (әртүрлі құралдар) – нәтиже. Цифрлық
технологияның бұл түрі білім алушылардың
мотивациясын арттыруда,
педагогикалық үдерісті немесе құбылысты түсіндіру; мәселені (тапсырманы)
шешу құралдарын таңдауда тиімді.
Мүмкіндіктер: оң/теріс кейіпкерлерді қолдану; мақсаттардың кезеңдері
(тарихта басты кейіпкердің негізгі мақсатқа ғана емес, сонымен бірге ілеспе
мақсаттарға қалай қол жеткізетінін кӛрсетуге болады); кейіпкердің жасырын
мақсаттарын анықтау; кедергілерді анықтау және жіктеу (олармен қандай,
қашан және әрқашан күресу керек); кедергімен күресудің құралдары; нәтиже
және оны талдау (мақсатқа қол жеткізілді, қол жеткізілген жоқ, кездейсоқ,
толық емес, мақсаттың ӛзгеруі және т.б.); нәтиже
мен бас кейіпкердің жеке
басының байланысы.
Сюжетті құру кезінде оны мақсаттан да, кедергіден де құруға
болатындығын есте ұстаған жӛн. Егер мақсат бір нәрсені алу («+») бастапқы
мақсат болса, онда мақсат бір нәрседен құтылу («–») бастапқы кедергі болып
табылады.
4)Е-портфолио технологиясы.
«Портфолио» (ағылшын тілінде portfolio маңызды қағаздар мен
құжаттарға арналған папка, латын тілінде portāre алып жүру,
тасымалдау+folium қағаз парағы мағынасында) термині білім беру жүйесіне
ӛнер саласынан келіп енді. Портфолио ұғымын тереңірек зерттеу
нәтижесінде, портфолио мәні итальян тілінде «маманның жинақ папкасы»
және «құжаттар жинақ папкасы» деген ұғымдарды білдіреді.
Қазіргі білім
мекемелері портфолио ұғымын «оқушы мен мұғалімнің жетістіктерінің
жинағы» ретінде қарастырады. Сонымен қоса, портфолио «оқу портфелі»,
«жұмыс портфелі», «жетістіктер портфелі», «кәсіптік портфель» және т.б
ұғым ретінде де қарастырылады. Электрондық портфолио – жеткен
жетістіктерінің мониторингі, оқушының белсенділігін жан-жақты түрде
(білім беру, ғылыми, әлеуметтік және т.б) кӛрсететін құрал.
Электронды портфолио құрудың ұстанымдары: материалдардың
бүтіндігі,
тақырыптық
аяқталғандығы;
портфолиода
ұсынылған
материалдардың құрылымдануы,
логикалық бірізділігі; жүйелілігі мен
мерзімділігі; портфолионың кӛрнекілігі мен негізділігі; оқу үдерісіне
қатысушылардың оқу, шығармашылық, ғылыми және тәрбие жұмыстарының
нәтижелерін ӛзіндік бағалауы; портфолионы безендірудің креативтілігі,
этикалық-эстетикалық талғамның жоғары болуы [195].
96
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудағы
электронды портфолио технологиясындағы
жұмыс білім алушылардың
педагогикалық креативтілігін кӛрсетуге, білім алудағы нәтижелерді
жинақтау, оларды жүйелеу нұсқаларын таңдау бойынша ӛзіндік және
бірлескен жұмысы үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар, электронды портфолио технологиясы болаақ
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда
келесі педагогикалық міндеттерді шешуге кӛмектеседі:
- білім алушылардың жоғары оқу мотивациясын қолдау;
- білім алушылардың оқу қабілетін қалыптастыру - мақсаттар қою, жеке
оқу және кәсіби қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;
- белсенділік пен креативтілікті ынталандыру, оқу және ӛзін - ӛзі оқыту
мүмкіндіктерін кеңейту;
- болашақ информатика мұғалімінің ӛзін-ӛзі бағалауын қалыптастыру; -
білім беруді дербестендіруге ықпал ету;
- болашақ информатика мұғалімдерінің
табысты әлеуметтенуі мен
олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі үшін қажетті педагогикалық
креативтіліктерін қалыптастыруға алғышарттар мен мүмкіндіктер жасау.
Достарыңызбен бөлісу: