Конфедерация баптары. 1777 жылы Континентальды конгресте қабылданған АКШ-тың алғашқы Конституциясы 1781 жылы өз күшіне енді. Тәуелсіздік үшін болған соғыс жағдайында америкалықтар біртұтас мемлекет құру мәселесіне күмәнмен әрі күдікпен қараған кездері де болды. Осыған байланысты олар конфедерация формасын таңдады: жеке мемлекеттер одағы, яғни «штаттар», өз дербестіктері сақталған, кез келген шешімді жергілікті немесе жалпыұлттық жағдайда шешетін одақ. Біртұтас билік органы Конгрестің тек консультативті, қосымша қызметтері бар, ал барлық толык билік жергілікті жерлерге штаттарға берілді.
1787 жылғы Конституция.Тәуелсіздік үшін болған соғыстан кейін елдің экономикалық, ішкі, сыртқы саяси жағдайлары өте ауыр болды. Бұл жағдай мемлекет басшыларын алаңдатып, олар елді нығайтатын, оны өркендететін жол іздеуге мәжбүрледі. Конфедерация статьялары күшті мемлекет құру жолында маңызды рөл атқара алмады. Осы орайда мүмкіндігі көп жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туды. 1787 жылы жаңа Конституция кабылданды. Мемлекеттегі билікті қайта бөліп, елдің мемлекеттік құрылымын өзгертті. АКШ федеративті мемлекетке айналып, барлық ортақ билік Конгреске, Президентке, Жоғарғы Сотқа берілді. Штаттардағы билік шектелді: штат билігі қабылданған заң, шығарған шешім, орталық билік қабылдаған заң мен шешімге қайшы келмеуі міндетті. Орталық биліктің мәртебесі, жергілікті жерден жоғары болатыны конституциялық деңгейде нақтыланды. Конституция АКШ-ты орталыктанған күшті мемлекетке айналдырды.