Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет2/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
ӘӨЖ 
ББК 
 
ISBN
 
ТарМПУ ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен 
Хаттама №_____ «____»_________20 ж. баспаға ұсынылды.



АЛҒЫ СӨЗ 
Соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өмірдің барлық салаларына 
соның ішінде білім беру саласына да септігін тигізді. Бүкіләлемдік білім беруді дамыту 
тенденциялары дәлелі ретінде келесі анықтамаларды атап кетуге болады: «Қазіргі жағдайда 
білім беру мемлекет пен қоғам талаптарына сай болуы тиіс, нақты айтқанда әлеуметтік-
адаптивті механизмі ретінде шығады, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бағытталуы 
міндетті». 
ҚР «Білім беру» Заңында білім берудің гуманистік, дамытушылық сипаттары 
ашылады, еңбек нарығында қабілетті мамандарды дайындауға көңіл бөліну қажеттілігі 
қарастырылады. 
Мұғалімді дайындаудың кәсіби-педагогикалық жүйесі әлеуметтік сипатқа ие. 
Мұғалімді дайындаудың кәсіби-педагогикалық жүйесі негізгі мақсаты болып құзыретті, 
бәсекеге қабілетті, интеллектуалды дамыған мұғалімді, азаматты, Қазақстан 
Республикасының заманауи өзгерістеріне жауап бере алатын патриотты дайындау болып 
саналады.
Заманауи мұғалім болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделуі, инновативті 
ойлай алуы, оның ішінде педагогикалық процесті жүйелі түрде көре алуы сондай-ақ, кәсіби 
іс-әрекеттің жеке-шығармашылық стиліне, интерактивті байланыс пен оқушылармен 
ынтымақтастыққа бағытталады. 
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау жүйесінде педагогикалық практика маңызды 
рөл атқарады. Жоғарғы оқу орнындағы білім беру процесінің органикалық бөлігі ретінде ол 
мұғалімді даярлаудың теориялық және практикалық бөліктерін қамтиды. Педагогикалық 
практика болашақ мұғалімнің кәсіби өсуінің негізгі формасы болып саналады. Танысу 
педагогикалық практика білім беру саласына гуманистік идеяларды, тұлғалық-бағытталған, 
іс-әрекеттік, аксиологиялық, құзыреттілік пен технологиялық тәсілдерді ендіруге септігін 
тигізеді.
Танысу педагогикалық практикасы адаптивті, оқыту, тәрбиелік, дамытушылық, 
диагностикалық, мәдени танымдық, инновациялық қызметтерді атқарады. 
1 курс студенттерінің танысу педагогикалық практикасы күнделігінде практиканың 
мақсаты, практика кезіндегі зерттеу жұмысының тапсырмалары, атқарылатын 
жұмыстардың мазмұны (атқарылатын жұмыстардың әдістемелік қамтамасыз етілуі 
портфолиодағы қосымшалар мен үлгілерде көрсетілген), апталық өзіндік және әдіскер 
бағалауы, есеп беруге нұсқау, жинақтау тізбелері берілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет