Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет9/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ 
 
Студент-практиканттың танысу педагогикалық практикасының бағасы 
_________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ 
Практика өткен орын жетекшілерінің қолы және мөрі 
Сынып жетекшісі
_____________ 
Мектеп директорының орынбасары_____________ 
Мектеп директоры
_____________ 
М.О. 
 


17 
ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР 
 
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ 
1989 жылғы20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады 
 
Кіріспе 
 
 Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес 
қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану 
және жер бетіндегі бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі 
болып табылады деп есептей отырып, 
Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, 
жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең 
ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға 
жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам 
құқықтары туралы халықаралық пактілерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың 
бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діни, саяси немесе өзге де сенім-
нанымдарды, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты 
белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс 
екендігіне келіскендігін тани отырып, 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында 
балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жарияланғанын еске ала 
отырып,
отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе 
балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз 
міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс 
екендігіне кәміл сене отырып, 
баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, 
махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып,
 
 бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар 
Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, 
төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай 
отырып,
 
баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы бала құқықтарының 
Женева декларациясында және 1959 жылға 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала 
құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының 
декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап 
айтқанда, 23 және 24-баптарда), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы 
халықаралық пактте ( атап айтқанда 10 бапта), сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен 
айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында 
және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып, 


18 
Бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң 
тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне 
байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді» деп көрсетілгенін назарға ала 
отырып,
балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және 
халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және 
құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының 
жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі («пекин ережелері») 
Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар 
кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай 
отырып, 
дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар 
екендігін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, 
баланы қорғау және үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени 
құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, 
әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту 
үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегі туралы 
келісті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет