Б.Ұзақовтың «Балуан қыз» әңгімесіндегі Бәтима образы және әңгімедегі ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіру жолдары



Дата18.11.2023
өлшемі15,36 Kb.
#124701
Байланысты:
Балуан қыз мақала


А

Б.Ұзақовтың «Балуан қыз» әңгімесіндегі Бәтима образы және әңгімедегі ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіру жолдары
Бегабат Ұзақов – махаббат пен зұлымдық, адамдық пен пенделік, ерлік пен ездік сияқты мәңгілік қарама-қайшы ұғымдардың күресін, адам жанындағы алапат сезімдердің айқасын әртүрлі шығармаларында терең аша білген философ жазушы. Оның «Балуан қыз» әңгімесінде өнерге, күреске деген адалдықтың маңызы, ардан аттаған надандық пен ар-намыс қысқан өрліктің күресі өте шебер суреттелген. Балуан қыз – Бәтима арлы да, намысты, әрі надандықтың жазасын беруге асыққан күрескер тұлға. Алдағүл Бәтиманың ағасы Абылаймен күрескенде адамдығынан айнып, қитүрқы жолмен Абылайды боз кілемде өлтіреді. Бәтима бұл оқиғаның кегін іште ұзақ сақтап, ақыры Алдағұлмен кілемге түсіп, оны масқарасын шығара жеңіп, ағасының кегін әділ жолмен қайтарады.
Әңгемеде қазақтың жыраулық өнері, халықтың өнерге, күреске деген зор қызығушылығы мен құмарлығы, құрметі өте шебер суреттелген. Сонымен қатар, Абылайдың ата-анасының Алдағұлға кешірім беруі де қазақы тәрбиеге негізделген түсінік. Бәтиманың қанша жерден кек қысса да, қолайлы сәтті күтіп, кілемдегі қылмыстың жазасын кілем үстінде беруі, бірақ Алдағұлдың өзі сияқты қиянатпен емес, әділ түрде, әділ күресте жеңуі – өзінше бір өрлік, биіктікті көрсетеді. Ал адалдықтан тайған балуан жеңілгенде жеңімпаз балуанның оның басынан аттап өтетін дәстүрі –кейінгі кезде ұмытылып бара жатқан, бірақ ұлттық таным-түсінікте өзіндік маңызды орны бар дәстүр. Автор «Балуан қыз» әңгімесі арқылы қазақы салт-сана мен тұрмыс тіршілікті де мейлінше ашып көрсетуге тырысқан.
Мақалада осы Балуан қыз образы жасалу жолы, архетипі т.б. бойынша жан-жақты талданып, әңгімедегі ұлттық рухани құндылықтар анықталды. Жалпы, әңгіменің Балуан қыз образы арқылы да, қосымша персонаждар мен сюжеттер арқылы да берілген ұлттық құндылықтары айқындалып, оны ЖОО студенттеріне оқыту, түсіндіру, сол құндылықтарды жас ұрпақ бойына дарыту жолдары көрсетілген. Шығарма прототиптері туралы нақты мәліметтер берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет