Тақырыбы: Ауылым - алтын бесігім . / Дөңгелек үстел /
Мақсаты:1.Білімділік :
Туған өлке атты қастерлі ұғымды оқушы санасына сіңіру ,өз бетінше ойын жеткізуді үйрету.
2.Дамытушылық :
Еркін ,шешен сөйлеуге баулу ,ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік :
Өз еліне , атамекеніне сүйіспеншілігін арттыру .
Сабақ әдісі : Сұрақ – жауап , әңгімелесу.
Сабақ түрі : Дөңгелек үстел.
Сабақ көрнекілігі : проектор, презентация үнтаспа,шарлар .
Дөңгелек үстел жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Мақал – мәтелдер айту
4. Пікірсайыс / дискуссия /
5. « Егерде мен ............... болсам » ойыны.
6.Келген қонақтармен пікірлесу
7. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»
8. Қорытынды.
Дөңгелек үстел барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгін біз «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында өткелі тұрған дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Жаңа ақпарат
Мұғалім :
Туған жер – ата – бабамыздың қоныс еткен ,біздің қасиетті мекеніміз.
Адам қайда жүрсе де ,қандай биіктерге көтерілсе де ,ол үшін ең қасиеттіде қадірлі өлкесі
– ол Атамекені.
Ауылымыздың тарихына шолу жасайық.
О қушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы өзінің туған өлкесіне яғни ауылына деген көзқарастарын байқау.
Сұрақ -жауап
Туған өлкем дегенде ойыңа бірінші не келеді ?
Адамның туған жері әрқашан атамекен бола ма ?
Өз атамекеніңді ,өлкеңді сүйе білесің бе ?
Оған деген перзенттік парызды қалай өтеуге болады ?
Сенің арман қиялыңда туған өлкеге қандай орын берілген ?
Біздің туған өлкемізден шыққан қандай азаматтарды білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |